ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

КОРЕЯЛЫҚ ДӘРІГЕР ТЕГІН КЕҢЕС БЕРУДЕ

20:09, 16 сәуір 2018

Шымкентке Оңтүстік Кореяның білгір дәрігерлері келді. Шетелдік мамандар облыстық ауруханада науқастарға тегін медициналық кеңес беріп жатыр. Есімі әлемге мәшһүр профессорлар - Ким Дже Хон және Ким Ён Джин тұрғындарға емделудің тиімді жолдарын айтып берді. Шетел мамандарынан жергілікті ақ халаттылардың үйренері көп. Тәжірибе алмасып, шеберлікті шыңдау хирургия саласындағы жетістіктерді еселемек.

40 жастағы жергілікті азаматтың  бүйрегі сыр беріп, мазасын алып жүргеніне біраз уақыт болыпты. Көктем келгелі бойдағы кеселі қоза түсті. Қиналғанда, жанын қоярға жер таппайды. Бармаған жер, баспаған тауы қалмаған ол - бүгін Сунчонхян медициналық орталығының білгір мамандарынан кеңес сұрады. Ем алудың тиімді тұстарын сұрап, білді.

Шетелдік делегацияны бастап келген профессорлар Ким Дже Хон және Ким Ён Джин Сеулдегі Сунчонхян медициналық орталығында еңбек етеді. Бұған дейін алматылықтарға тегін кеңес берген. «Ерлер арасындағы несеп жолдары, простатит және аденома дертінің дендеуі салауатты өмір салтын ұстанбаудан»,- дейді шетелдік дәрігерлер. Компьютер алдында ұзақ отырып, жұмыс істеу мен дене қимылының аздығынан да ауру асқынатын көрінеді.

Ким Дже Хон - Сунчонхян медициналық орталығының профессоры /Оңтүстік Корея/

Қуықасты безінің несептасы, простата-аденома ауруларының пайда болуына сыртқы климаттық жағдайлар себеп болады. Суық су мен алкогольді ішімдікті көп тұтынатын тұрғындарда бұл аурулар көп кездеседі. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Жалпы негізінен Сунчонхян медициналық орталығының дәрігерлері  екі жылдан бері қайырымдылық шараларын жүргізіп жатырмыз.  Бұл – үшінші келуіміз. Жер-жерді аралап, науқастарға тегін кеңес береміз. Бұл жолы 4 дәрігер шымкенттік әріптестерге шеберлікті шыңдау дәрістерін өткізуге келдік.

 

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Оңтүстік Кореялық дәрігерлер арасында екіжақты меморандум түзілген. Құжат бойынша былтырдың өзінде 6 жергілікті ақ халатты Корей еліне барып, біліктілігін арттырып келді. Ал, биыл тағы 8 дәрігер Сеульге жол тартпақшы.

Марат Пашимов – облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері

2017 жылдан бері меморандум негізінде 6 дәрігер Кореяға барып, оқып келді. Сөйтіп, 17 рет ота жасады. Заманауи технология негізінде. Былтыр алты операция жасалған шетелдік профессорлардың қатысуымен. Енді өздері жасап жатыр үйренгендерін...  

Сеульде екі ай оқып, шеберлігін шыңдап келген жас маманның бірі – Бағдат Дүкенов. Білікті уролог шетелдік әріптестерінен роботты хирургия және лапороскопиялық ота жасаудың қыр-сырын меңгеріп келді. Қазір білгенін, ойға түйгенін өзге әріптестеріне үйретіп жүр.

Бағдат Дүкенов -  облыстық клиникалық аурухананың дәрігер-урологі

Екі ай көлемінде оқыдық. Ол жақта негізі роботты хирургия дамыған. Айта берсек, артықшылық көп.  Біз енді практикада соны енгізіп жатырмыз...

Отандық медицинаның бүгіндері жетістіктері мол. Соған қарамастан, екіжақты әріптестіктің әлемдік емдеу шараларын дамытуда септігі орасан болмақ.

Г. Қалмырзақызы                                            

Тақырып бойынша материалдар

БОЛАШАҚ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ РЕСЕЙЛІКТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
15:21, 24 қазан 2018
БОЛАШАҚ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ РЕСЕЙЛІКТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
Толығырақ...
«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ – 2018» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
12:11, 10 қыркүйек 2018
«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ – 2018» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
13:56, 6 желтоқсан 2018
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛ...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
13:59, 6 желтоқсан 2018
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...