ШҰҒЫЛ! Талантты режиссер туған жеріне келді Толығырақ

Медициналық сақтандыру – сапалы қызмет кепілі

17:19, 20 сәуір 2017

Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның бір бағыты науқастарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету болып табылады. Сырқатқа селқос қарап, науқасты сылап-сипап қайтару міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасына жат. Аймақтық дәрігерлер осы орайда реформа жаңалықтарын енгізуге кірісіп кетті. Олар үй-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Ұлт жоспарындағы 81-ші қадам - еліміздің әлеуметтік салада қол жеткізетін 8 жетістігінің бірі. Сондықтан оны сапалы орындау  денсаулық сақшыларынан жоғары біліктілікті талап етеді. Шымкент теміржол ауруханасының дәрігер-терапевті Эльмира Онтаеваның айтуынша, Қазақстандағы сақтандырудың негізгі ерекшелігі әлемдік тәжірибенің тиімді тұстары негізінде алынған. Мәселен, әлеуметтік әлсіз топтар, балалар мен жұмыссыздардың қызметті тегін пайдалануы заңда айшықталған.

Эльмира Онтаева - Шымкент теміржол ауруханасының дәрігер-терапевті

Күлпан Маханбетова - Мейірбике

Ал, аурухананың аймақтық дәрігері Ділбар Әбдірахманова көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасы төленетін жарнаға тәуелді емес екенін айтады. Медициналық көмек барлығына бірдей көрсетіледі. Егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, медициналық жүйеде қарастырылмаған көмекті де ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Ділбар Әбдірахманова - Аймақтық дәрігер

Ондаған жыл бойы мемлекеттік емханаларда озық тәжірибені меңгерген мамандар қазір жекеменшік клиникалар ашып, жұмысын ептеп отыр. Медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан, енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің баста­латыны сөзсіз. Бұл өз кезегінде  медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады.

САТТАР Есімбеков 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ЖОБАҒА АЛҒАШҚЫ ЖАРНА ТӨЛЕНЕ БАСТАДЫ
12:24, 22 мамыр 2018
ЖАҢА ЖОБАҒА АЛҒАШҚЫ ЖАРНА ТӨЛЕНЕ БАСТАДЫ
Толығырақ...
АЛЛЕРГИЯ ҒАСЫР ДЕРТІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ
17:57, 18 мамыр 2018
АЛЛЕРГИЯ ҒАСЫР ДЕРТІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:15, 21 мамыр 2018
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
14:37, 21 мамыр 2018
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...