ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді

17:53, 11 желтоқсан 2017

Облыстың белсенді жастары сауапты іс жасады. «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен «Жомарт жүрек» акциясын өткізді. Онда мұқтажға қайырымдылық көмек көрсетіліп, мұңлыға концерт қойылды.

Қайырымдылық шарасы облыстық «Жастар ресурстық» орталығында болып өтті. Акция ауқымы кең. Қолөнершілердің тамаша көрмесі мен өнерпаздардың концертіне ұласты. Ұйымдастырушы жастар балалар үйіне.., кенеттен  қиын  жағдайға  тап болған шарасыз  жандарға  қол  ұшын  созды.

Оралдың жігіті шымкенттік қызға бүйрегін  берді 

«Жақсылық ағаш басында. Жамандық аяқ  астында». Осыдан  үш  жыл  бұрын  арыстық  бойжеткен  Жәмилә  Байсерікованың екі  бүйрегі  жұмыс  істемей, төсекке таңылады. Қызы дерттен айығуы үшін Құрманкүл  Құлмырзаеваның  көмек  сұрап, бармаған  жері, баспаған тауы жоқ. Перзенті үшін жан ұшырған анаға шымкенттік қайырымды жандар - еріктілер тобы  жәрдемдесті. Әлеуметтік желіге тараған ақпарат оралдық тұрғын Абзал Әділовтің өз бүйрегімен бөлісуіне септігін тигізді. Жомарт жігіт Шымкентте Жәмиләмен танысып, Сызғанов  атындағы  хирургия   ғылыми  орталығында   ағзасына  ота  жасатады. Екінің  бірі  бара  бермейтін  батыл  қадам бойжеткеннің өмір сүруге деген құлшынысын арттырды.

Қазір  дәрігерлер өз бүйрегін өзгеге берген жомарт жігітке жұмыс  істеуге  тыйым  салып отыр. Оған  тек  бап  пен  күтім  қажет. Акция соңында ұйымдастырушылар Абзал Әділовке бағалы сыйлық пен концерттен түскен қаржыны  ұсынды. Қайырымдылық қадамы үшін риясыз алғысын жаудырды.

 УӘЛИХАН  Қожақ                                                                  

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігерлермен жедел байланыс орнатудың тиімді жолы
18:50, 22 қаңтар 2018
Дәрігерлермен жедел байланыс орнатудың тиімді жолы
Толығырақ...
Ұл-қызды ерте емдету бедеуліктің алдын алады
17:42, 19 қаңтар 2018
Ұл-қызды ерте емдету бедеуліктің алдын алады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектеп оқушысы қала әкімінің қызметін атқарды
14:10, 19 қаңтар 2018
Мектеп оқушысы қала әкімінің қызметін атқарды
Толығырақ...
Автобуста тірідей жанып кеткендердің арасында бір үйдің екі баласы болған
11:33, 19 қаңтар 2018
Автобуста тірідей жанып кеткендердің арасында бір үйдің екі...
Толығырақ...
Самара-Шымкент трассасында 52 адам тірідей жанып кетті
12:52, 18 қаңтар 2018
Самара-Шымкент трассасында 52 адам тірідей жанып кетті
Толығырақ...