ШҰҒЫЛ! Талантты режиссер туған жеріне келді Толығырақ

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ - ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ ИГІЛІГІНЕ!

18:47, 13 ақпан 2018

Оңтүстік Корея. Ресей. Түркия. Түстік өңірдің 80-нен астам денсаулық сақшысы өткен жылы медицинасы дамыған мемлекеттерге барып, біліктілігін арттырған. Шетелдің іргелі клиникаларында тәжірибе жинақтап, озық әдістерді елге оралысымен, қолданысқа енгізген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев медицина саласындағы жеткен жетістіктер мен межелі міндеттерді саралады.

Баспасөз мәжілісіндегі басты тақырып - салаға бөлінген қаржыны игеру көрсеткіші. Есепті мерзімде медицина ұйымдарының базасын нығайтуға 6,2 млрд. теңге қаржы бағытталып, жарақталу көрсеткіші 65 пайызды құраған. Ұлт саулығын сақтауға жұмсалатын қаржы екі жылда 5 есеге өскен. Енді емханалар жайын бағамдасақ... Денсаулық сақтау ұйымдарын оңтайландыру аясында 2017 жылы 16 аудандық емхана іске қосылып, ауыл халқының өмір сүру сапасы жақсарған. Шаруашылық жүргізу құқығына 70 медициналық ұйым өткізіліп, республика бойынша 3-ші орынға көтерілген. Кадрлық ресурстарды дамыту жайы да - басқарма басшылығының жіті назарында. 10 мың адамға шаққанда халықты дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші 26 пайыз, ал, мейірбикелермен қамтамасыз ету 80 пайызды құрап отыр. Шалғай елдімекендерге 85 ақ халатты қызметке жолданып, медициналық қызметтің сапасы артқан. Ендігі мақсат - ана мен бала өлімін азайтып, көліктік медицинаны дамыту. Бұл - Елбасының биылғы жолдауында екшелген басты міндет.

C. Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ЖОБАҒА АЛҒАШҚЫ ЖАРНА ТӨЛЕНЕ БАСТАДЫ
12:24, 22 мамыр 2018
ЖАҢА ЖОБАҒА АЛҒАШҚЫ ЖАРНА ТӨЛЕНЕ БАСТАДЫ
Толығырақ...
АЛЛЕРГИЯ ҒАСЫР ДЕРТІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ
17:57, 18 мамыр 2018
АЛЛЕРГИЯ ҒАСЫР ДЕРТІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:15, 21 мамыр 2018
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
14:37, 21 мамыр 2018
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...