Ресейлік ортопед отандық дәрігерлермен бірге 10 ота жасады

Наурыз – қайырымдылық мерзімі де. Шымкент ауруханасында Ресей дәрігері әріптестеріне шеберлік дәрісін өткізіп, айналасы 4 күнде 10 ота жасады. Қазір тізесін протездеген науқастардың жағдайы қанағаттандырарлық, - дейді, қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының мамандары

18:32, 18 наурыз 2017   481

Мейрам қарсаңында ел алғысын арқалаған дәрігер - Рафаэль Пописьянц. Ресейлік ортопедтің қазақстандық әріптестеріне ризашылығы шексіз. «Мұндай оталарды жасауға өз біліктіліктері де жеткілікті», - деп жоғары баға берді. Расында да, Мәди Бегалиев бастаған ұжым тізе буынын тотальды эндопротездеу отасын осымен бірнеше жыл бойы жасап келеді. Бәрі сәтті өткен.

Марат Үсенов – Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі

Жаңа жеңілдеу адамдарға, жүргенде бөгет жасамайтын, 15-20 жыл науқастар еш уайымсыз жайлы жүре алады. Осының бәріне жәрдем беріп жатқан осы импланттар. Материалдары, негізінен, американский импланттар салып жатырмыз, компания «Stryker». Содан қазір өте жоғары, сапалы түрде ота жасалып жатыр. Бұл операция тегін жасалады.

64 жастағы Бибіқалиша апа 10 жыл бойы артроздың ауыр түрімен сырқаттанады. Қанша ем қабылдаса да, сырқыраған сүйек ауруын баса алған емес. Тізесін бүгіп, отырып-тұруы қиындаған зейнеткер ақыры эндопротез отасын жасатты. Қазір шүкір, жағдайы бірқалыпты.

Бибіқалиша Әубәкірова – Емделуші

Дәрігерлер операция жасасмасаң болмайды, - деді. Барлық уколдарын алып едім. Қорқып жүр едім. Операцияның жалпы құны 1,5 млн. тұрады екен. Үкімет көмек беріп, квотамен тегін ота жасап жатыр. Дәрігерлерге рақмет, халыққа қолдау, жақсы күтім көрсеткеніне. Операция жақсы өтті, мед.персонал, үлкен-кішісіне бәріне рахмет. Жағдайым жақсы.

Былтыр бұл ауруханада 60 мыңнан астам ота жасалған. Алғашқы 7-8 күнде науқастар балдақпен жүріп, аяғын жаттықтырады. 20 жылдан бері медицинада жемісті еңбек еткен ресейлік дәрігер шымкенттік мамандармен байланыс орнатқанына разы.

Рафаэль Пописьянц – Жоғары дәрежелі травматолог-ортопед

Мұнда келгелі қазақстандық дәрігерлердің кез-келген жаңашылдыққа тез бейімделетінін аңғардым. Бұл ота жасау ісінде үлкен маңызға ие. Соның нәтижесінде қазір біздің емделушілер отадан соң, өзін жақсы сезінеді. Енді бір айдың көлемінде толығымен жазылып кететініне сенімдімін.

Елімізде бүгінде азаматтардың тізе немесе жамбас сүйегін эндопротездеу ісі ілгері басқан. Оқыстан ауыр жарақат алып, сүйегін сындырған жандар немесе кәрілікке байланысты аяғын жаза алмай қалғандар тегін операция жасатуына болады.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07