Сайрамдықтар жаңа клиникадан ем алатын болады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қазақстандықтар үшін тиімді болмақ. Өйткені, тиісті жарнаны төлеген азамат өзі таңдаған денсаулық сақтау мекемесінде ем алуға құқылы. Осы орайда сайрамдық тұрғындарға мол мүкіндік туды. Қарабұлақ ауылында соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақталған медициналық клиника пайдалануға берілді.

13:45, 21 сәуір 2017   331

Енді  ғана еңсе тіктеген су жаңа медициналық мекеменің мүмкіндігі мол. Мұнда науқас жанын дендеген дерттің кез-келген түрін анықтауға болады. Ол үшін диагностикалау аппараты мен емдеу құрылғыларының бәрі бар. Ал, сырқаты сыр берген жандарға хирург, офтальмолог, терапевт сынды жоғары санаттағы дәрігерлер қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта дәрігерлердің біліктілігін арттырып отыру жоспарланған.  

Азлархан Халметов – Дәрігер - уролог

Енді біз жыл сайын  өз дәрігерлерімізді шетелдерде тәжірибелерін шыңдап отыруды жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсат - халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету...

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ашылған нысан Қарабұлақ ауылдық округінің халқына медициналық тұрғыдан көмек көрсетуге толықтай әзір. Ол үшін 54 ақ халатты қызмет көрсетеді. Оның 8-і -- жоғары санатты дәрігер болса, қалғаны - орта буынды мамандар.

Абдуғафур Абдуқадыров – Ауылдық округ әкімі

Қарабұлақ ауылында ашылып отырған бұл бірінші жекеменшік клиника емес. Төртінші мекеме...  

Медициналық мекеме - көпсалалы. Сондықтан сырқаты сыр берген жандар мұнда келіп, мамандардан кеңес алумен қатар, күндізгі станционарда ем де қабылдай алады.

МАҚСҰТ Жарылқасын

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07