ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Сарыағаштықтар белгісіз ауруға шалдығып жатыр

16:25, 10 тамыз 2017

Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылының тұрғындары соңғы уақытта белгісіз дертке шалдығуда. Ойын балаларының басы айналып, мұрны жиі қанаса, нәрестелердің үсті жара басқан. Ал, үлкендердің шашы түсіп, қыз-келіншектер көкірек безі ауруынан зардап шегуде. Бүтін бір ауылдың бұлайша берекесі қашуын жұрт елдімекен іргесіндегі шайыр өндіретін зауыттан шығатын жағымсыз иіспен байланыстырады.

     Баян Құлболдиева күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған ананың бірі. Өйткені, үйіндегі немересінің бәрі шетінен сырқаттанып қалған. Әсіресе, сегіз айлық кенжесінің жағдайы қиын. Үсті-басын белгісіз жара басқандықтан көп мазасызданады.

БАЯН ҚҰЛБОЛДИЕВА – ДАРБАЗА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

  • Экологияның барлығын мынау смола бұзып жіберді. Өздерің көріп отырсыңдар бәрі жара басып, үлкен баламның аяғы ісіп жүре алмай жатыр. Дәрігерлер нақты диагноз қоя алмайды.

     Тұрғындардың айтуынша, бұл маңда мұндай жағдай бұрын-соңды тіркелмеген. Бәрі тек ауыл іргесіне шайыр өндіретін зауыт іске қосылғасын басталыпты. Мәселен, Құлпынай апайдың бой жетіп қалған қызы да жағымсыз иіс тарала бастағаннан науқастанады. Енді шашы түсуге көшкен.

ҚҰЛПЫНАЙ ТІЛЕУБАЕВА - ДАРБАЗА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

  • Ауырып шашы түсе бастаған еді. Дарбаза алып бардым больницаға. Олар Сарыағашқа жіберді. Ешқандай диагноз қойып бере алмады. Содан Шымкентке жіберді. Олар «бір нәрседен уланған газдан  ба»-деді. Бізде газ жоқ. Кең далада тұрамыз. Бұдан басқа улы зат жоқ.

ЖАНИЯ АБДУЛЛАЕВА - ДАРБАЗА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

  • Үш жылдан бері бармаған жеріміз қалмады. Прокуратура бар ма? СЭС бар ма? бірінші жылда бұлар кетеміз деп уәде берген.  Бірақ кетпеді. Қайта қазір күшейтіп бес пешкесін қойған. Оның иісін көрсең өліп құсып қайда барарыңды білмейсің.

     Тұрғындардың осындай шағымына қарамастан, аудандағы дәрігерлер «алаңдауға негіз жоқ»- деп отыр.

СРАЙЫЛ БАДАЛОВ – САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

  • Енді жара шығу құрттан да болуы мүмкін. Әртүрлі жағдайлар болады. Мынау  битумның кері әсері деп те айта алмаймыз. Әзіргі уақытта тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

     Қазір сол тексеру жұмыстары аяқталғанша зауыт жұмысын тоқтатқан. Бірақ, шикізат тиелген вагондардың тұрғанына қарап «жұрт қайта жағымсыз иіске тұншығамыз ба» -деп алаңдайды. Сондықтан дарбазалықтар зауыт толықтай көшірілімейінше жаңа оқу жылында балаларын мектепке жібермеуге бекінген.  

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Білікті дәрігер құрметіне естелік тақтайша орнатылды
18:47, 14 желтоқсан 2017
Білікті дәрігер құрметіне естелік тақтайша орнатылды
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Туберкулезбен күресте жаңа тәсіл ойлап тапты
15:08, 11 желтоқсан 2017
Туберкулезбен күресте жаңа тәсіл ойлап тапты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...