ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

12:33, 14 маусым 2019

Жетісай орталық ауруханасы науқастардың емдік шараларын жақсартудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Емдеу мекемесі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл құрылғылар халық игілігі үшін пайдаланылуда.

Жетісай орталық емханасында бүгінде 180 дәрігер, 758 медбике халыққа қызмет етеді. Олардың мақсаты  аудан халқының жағдайын жақсартып, медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру. Ауруханада науқастарға нақты диагноз қойып, 36 түрлі зерттеу жасайтын жаңа заманауи жабдық  іске қосылған.

Ғалия Жұматова – Жетісай орталық ауруханасы зертхана бөлімінің меңгерушісі

-Бізге осы 2019 жылдың мамыр айында осы тосах 360 имунафлурасент анализаторы келді. Бұл анализатор 36 анализдерді жасап береді  15-30 минут ішінде бұл анализдің жақсы жері тездікті жылдамдық тез нақты анализдердің жауабын беретін анализатор.

Облыс бойынша алғаш рет 2017 жылы Жетісай ауданыңда инсульт орталығы іске қосылған. Мұнда келген әрбір науқасқа мультидисциплинарлы топ шұғыл көмек көрсетеді. Ситуациялық орынға тіркеліп,барлық ақпараттар сақталады.Ана мен бала денсаулығын жақсарту ісі қарқынды. Арнайы құрылған виртуальды штаб бала өлімін болдырмау үшін жұмыс істейді.

Айдар Шнетов - Жетісай орталық ауруханасының бас дәрігері

-Жетісай аудандық орталық аурухана  жүкті әйелдерге медециналық көмек бойынша 2-деңгейі бізге мына мақтаарал Жетісай 4 ауруханадан жүкті әйелдер келіп осы  жерде медециналық көмекке жүгінеді сол ішінде операциясы бар, бір айда бізде 70 операцияға дейін болады.  

Бұл атқарылып жатқан жұмыстар халықтың денсаулығын жақсартып, түрлі аурулардың алдын алуға оң қадам. Аудан тұрғындары да аурухана қызметіне дән риза екенін айтады.

Ұлбира Тартуова - аудан тұрғыны                                                                             

-Дәрігерлердің қызметі жақсы деп ойлаймын өйткені олар келгенде күліп қарсы алады ауруыңды күліп қарсы алғанан кейін барлық адамдар денсаулығының  ауруын ұмытатып болып есептеледі.

Айдана Мәулен  

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНАН БАСТАП ҚОСЫМША ЖАППАЙ ИММУНДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
17:17, 26 тамыз 2019
ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНАН БАСТАП ҚОСЫМША ЖАППАЙ ИММУНДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ...
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
15:39, 22 тамыз 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...