ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Жалақыңыздың 1%-ы өз денсаулығыңыз үшін!

12:33, 21 сәуір 2017

Қазақ халқы ежелден «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!,- дейді. Мұның астарында әр адам өз денсаулығына жауапты, - деген мағына жатыр. Келер жылдан бастап, елімізде міндетті әлеуеметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек. Ол бойынша еңбек ететін әрбір азамат осы жүйе аясында әр ай сайын жалақысының 1 пайызы мөлшерінде жарна төлеп тұруы тиіс

Ал, жұмыс істемейтін әлеуметтік топ өкілдері үшін мемлекет төлейді. Елімізде мұндай тұрғындар саны - 10 млн. Олар алтын және күміс алқа иегерлері мен көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен мүгедектер, балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары және студенттер. Ендігіде әрбір азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады. Ал, әрбір сақтандырылған қатысушы төлеген жарнасының мөлшеріне қарамастан, қызметтің толық пакетін алуға құқылы. Осыны түсіндіру үшін республикалық штаб өкілдері автобекеттердегі жолаушылармен кездесті. Олардың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, бағдарламаның маңызы мен мәнін бүге-шігесіне дейін түсіндіруге тырысты.

НҰРМАХАН Кенжехан

Тақырып бойынша материалдар

Артық салмақтан арылтуға арналған ота жасалды
20:25, 17 қазан 2017
Артық салмақтан арылтуға арналған ота жасалды
Толығырақ...
Дәрігерлер эпилепсия дертімен күресті күшейтпек
15:48, 13 қазан 2017
Дәрігерлер эпилепсия дертімен күресті күшейтпек
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...