ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Жауынгердің жатқан жері 74 жылдан кейін анықталды

18:25, 16 мамыр 2017

Өшкен жанды, өлген тірілді деген осы. ІІ Дүниежүзілік соғыстан қайтпай қалған жауынгердің топырағы туған еліне әкеліп көмілді. Көктен фашистің алғашқы бомбасы түсіп, минасы жарылғанда Маңқара Жұмабеков әскер қатарында болған. Кейін майданға араласты. Шығыстың қос жұлдызының бірі Мәншүк Мәметовамен бірге бір полкте жүріп, соғысты. Қатардағы жауынгер 1943 жылы Ресейдің Псков облысында ерлікпен қаза тапқан.

Оңтүстік Қазақстаннан майдан даласына 140 мыңнан астам адам аттанған.  60 мыңға жуық  жерлесіміз  туған  жерге  оралмады.  Соның бірі -  Маңқара Жұмабеков.   Қатардағы сарбаз 39 жасында майдан даласына аттанып,  кескілескен  ұрыста жан тапсырды. Бірақ, аласапыранда жауынгер Жұмабеков жерленген жер ұмыт қалып, тек биыл ғана белгілі болды.     Псков облысының  Бауырластар  зиратынан әкелінген бір уыс топырақ туған жеріне қойылды. Ұрпақтары, туыстары ас беріп, рухына құран бағыштады.

Хабиболла Жүзбаев - М. Жұмабековтың немересі

Осы ғаламтордың дамуының арқасында таптық. Атамның фамилиясы Жұмабеков қой, алдына «Д» қойылып кеткен екен.  Бір шөбере інім Джубеков деп интернетке кіріп шығарды ғой.... Сөйтіп сол жақпен хабарластық. Ол жақ жақсы күтіп алды. Енді нағыз соғыстың қайнаған жері екен.

Соғыс талай шаңырақты шайқалтты. Маңқара Жұмабеков майдан даласына аттанғанда артында  4 ұлы қалған. Үлкені алтыда,  ал, кенже ұлы  ана құрсағында  болған. Әлайдар  Жұмабеков - Маңқараның кіші ұлы. Әке жүзін  көрмеген.  74 жыл күтіпті. Сол арада үш бауыры мен анасын жерге тапсырды. Соғыс қасіретін тартқан перзент болып, жалғыз қалса да, әке атының өшпегеніне разы.

Әлайдар  Маңқараев  –  М. Жұмабековтың ұлы

Кішкентай кезімізде 18-19 жасқа  келгенше келеді деп күттік қой. 18-19 дан кейін күдер үзе бастадық. Бірақ, іздеуді тоқтатпадық. Арманымның біреуі сол еді. Табылды.

Қазақ  жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында жүріп  елін, жерін  қорғаған қаһарман ұлдан кенде емес.   Ардагерлердің жүріп өткен әрбір қадамы, әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік -ұрпаққа  ұлағат.  Өлмес шежіре.

НҰРЛАН Әлімбаев 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...