ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

14 адам суға батып, қайтыс болды

18:10, 13 маусым 2017

Биылғы шомылу маусымындағы деректердің өзі жан түршіктіреді. Облыста 14 адам суға батып, қайтыс болған. Оның 9-ы, өкінішке қарай, өмір жалғасы - балалар еді. Сала мамандары оқыс оқиғаны көктем мезгіліндегі су тасқынымен сабақтастырады. Ал, облыс әкімінің суда жүзуден тегін үйірмелер ұйымдастыру туралы тапсырмасы әңгіме болғанда, жақ ашқан пенде жоқ. Мүдделі деген дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандарының да аузына құм құйылған.

Оңтүстіктің халқы тығыз орналасқан. Мұнда 120 өзен, 43 су қоймалары мен арықтар бар. Күннің ыстықтығына байланысты, шомылу маусымы да 7 айға дейін созылады. Мамандар келеңсіз жәйттер орын алмас үшін арнайы түсіндірме жұмыстарын да жүргізуде.  

Өңірдің аптап ыстығында дала өрті де тыйылмай отыр. Өткен жылы 606 гектар алқапты жалын шарпыса, биыл 214 гектар жарамсыз күйге түскен.  

Балалар суда жүзуді тегін үйренуі қажет. Бұл жұмысты Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жүйелегені лазым. Оған қатысты облыс әкімінің арнайы Қаулысы да бар. Алайда, мамандар суда тегін жүзетін балаларды нақты көрсете алмады. Сұрақтан жалтарып, мардымды жауап бермеді.

Қазір Шымкентте 3 бірдей жүзу бассейні жұмыс істеп тұр. Бір ғана орталық су спорт кешені бір мезетте 160 балаға дейін қабылдауға қауқарлы. Алайда, ақысыз келіп, бассейндердің шарапатын көріп отырғандар саусақпен санарлық. 

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...