ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Толығырақ

2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті

20:07, 2 қараша 2017

Ойнап жүріп, от басты. Шымкентте көпқабатты тұрғынүй ауласында жүрген 2 жасар бала аузы ашық құдыққа түсіп кетті. Редакциямызға ватс-ап желісі бойынша хабарласқан көрермен сөзіне сүйенсек, ашық құдық жылу беретін мекеме балансына қарайды.

Оқиға Шымкент қаласындағы жоғарғы Отырар мөлтекауданында болған. Сәби тапа тал түсте 12 жастағы ағасымен серуендеп жүрген. Көзді ала бергенше құдыққа құлап кетеді.  Шарасыз бала 1,5 метр тереңдіктегі суда біршама уақыт тұншыққан. Қазір сәби қалалық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Тұрғындардың айтуынша, «Қуат жылу» мекемесіне қарасты құдықтың ашық-шашық жатқанына біраз уақыт болған. Тұрғындар құзырлы мекемелерге арызданғанымен, нәтиже шықпапты.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы 

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен болды
20:36, 10 қазан 2017
Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен бол...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар