ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

4,5 млрд. теңгеге жұрт лай су ішіп отыр

12:12, 16 мамыр 2017

Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласының тұрғындары біраз уақыттан бері тіршілік нәрінен таршылық көріп келеді. Қаланы құбыр суымен қамту үшін бір кездері 4,5 млрд. теңге жұмсалғанымен, халық әлі лай су ішіп отыр. Ашынған ағайын қыруар қаржының желге ұшып, үміттерінің аяқасты болғанын телеарна тілшісіне айтты.

Мына суды тұндырып ішпесе, жарамайды. Халықтың бірнеше ыдысқа құйып қоюы да сол себептен. Тұрғындар ақысын төлеп ішкен суының өзі лайқа екеніне налып отыр. 

Халық: Біз мейлі енді өмір сүрдік. Бала – шағадан обал ғой...

Бұл су құбырының құрылысы 2012 жылы басталған. Оған мемлекеттік қазынадан  аз емес, бақандай 4,5 млрд. теңге бөлінді. Жұмысты мемлекеттік сатып алу бойынша «Шымкентмонтаж» мекемесі жүргізген. Алайда, басталған істе баян жоқ. Сапасыз біткен. Мұны аудандағы халық қалаулылары да растап отыр. Тіпті, сол істің сапасыз атқарылып жатқаны жөнінде кезінде аудан әкіміне депутаттық сауал да жолданған. Бірақ одан да нәтиже шықпапты.

Ғабдулин Елубаев – Төлеби ауданының құрметті азаматы

Осы құрылыстың сапасы сын көтермейтіні туралы мен депутаттық сауал жібергем. Сөйте тұра, біз шырылдағанымен, әкім-қаралар оған құлақ та асқан жоқ...  

Құлақ аспағанның кесірін енді халық тартып отыр. Осыдан екі жыл бұрын бітуі тиіс құрылыс жұмысы әлі күнге созбаланып келеді. Ал, билік әлі де жалпақшешейлік танытып келеді.  

Мастерхан Пернебеков – Төлеби ауданы әкімінің орынбасары

Мердігер мекемеге бір ай мерзім берілді. Кемшіліктердің бәрін жою туралы. Мердігер мекеменің директоры бұл мәселені бір ай көлемінде жоюға уәде беріп отыр. Егер берілмеген жағдайда тағы құқыққорғау органдарына беріледі.

Айтпақшы, 2 жыл бұрын бітуі тиіс құрылыстың кемшіліктеріне қатысты қылмыстық іс те қозғалған. Бірақ, нәтижесіз. Ал, бітпеген істен бір кемшілік күн сайын табылуда.

МАҚСҰТ Айтжанов

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...