ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Арыста шешімін күткен мәселе көп

15:48, 14 сәуір 2017

Арыста шешімін күткен мәселе көп. Пакентай Арапов ауылының тұрғындары жол азабын тартуда. Дәрігерлер тарапынан сапалы медициналық көмек көрсетілгенімен, елдімекендегі емхана ескірген. Қаусаған қабырғасы кез-келген сәтте басып қалуы ықтимал

Пакентай Арапов аулында 300-ге жуық тұрғын бар. Олар осы уақытқа дейін тозығы жеткен мына медициналық тіректе ем-дом қабылдап келеді. Дәрігерлердің қызметіне мін жоқ. Бірақ ескі емхана көңілге қаяу салады. Медициналық нысан шатыры қатты желден талай жерге ұшып түсті. Әлі қалпына да келтірілмеген. Осы өзекті мәселені жергілікті биліктің  назарына бірнеше жылдан бері ұсынғанымызбен, бұл мәселеге  бас ауыртар ешкім жоқ, - дейді ашынған халық.

Тұрған Тәуекелова – Ауыл тұрғыны

Бұл мәселені осыдан 10 жыл бұрын айтқан болатынбыз. Содан бері әне-міне істейміз деумен келеді. Ауырып қалағанда осы мед тірекке барамыз. Жаман айтпай, жақсы жоқ егер құлап қалса қайтеміз. Не болғанда да келешек ұрпақ үшін билік басындағылар жаңасын салып беруін өтінеміз.

Жолға қатысты проблема да жетеді. Халық  5-6 жыл бойы билікке осы түйткілді мәселені алға тартумен әлек. Бірақ шешімін табатын сыңайы жоқ. Жергілікті тұрғындардың тілегі - тозығы жеткен ең үлкен екі көше, яғни «Ақиқат және Думан» көшелерінің жолдарын асфальт төсеп, халықтың жағдайын жасаса дегенмен ұстасады.

Қаржаубай Айтпамбетов – Ауыл тұрғыны

Біздің жолдар өте нашар. Көлік те адам жүруге қиналады. Әкімдер келіп, бәрін қатырамыз деп жыл сайын уәде беріп кетеді. Алайда, ешқендай нәтиже жоқ. Сонда бізді кім ойлайды.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын жайылым жер мәселесі де алаңдатып отыр. Күнделікті нәпақасын  мал және егін шаруашылығынан айырып отырған халық «Жайылым тарылып,  жерлеріміз гектар-гектарлап тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетіп жатып», - деп, налиды.

Ұлықбек Төлебаев – Зейнеткер

Жайылым жерлер халыққа қалса екен. Күн көргеніміз осы мал шаруашылығы ғой. Тамыр-танысы барлар жерлерді гектарлап алып жатыр. Осы мәселе тиылса екен. Келешек ұрпақты ойласа екен.

Жайылым мен суармалы жерге қатысты проблема біздің назарымызда болады. Ал, жергілікті халық биліктің бұл мәселені оңтайлы шешетініне сенеді.   

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...