ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Арыстықтар ауыз су мен жол азабын тартып отыр

14:48, 6 сәуір 2017

Арыс қаласының бірнеше елдімекенінде ауыз су тапшы. Сапасыз жолдар да тұрғындардың ашуын кернеп отыр. Аудан аумағында соңғы жылдары асқазан ішек және бүйрек ауруына шалдыққан азаматтар саны артқан. Ауыл көшелерінің жағдайы да сын көтермей, тұрғындарды әбігерге салып отыр

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев былтыр қараша айының соңында Арыс қаласына алғаш жұмыс сапарымен барып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен етене танысқан болатын. Бірқатар нысанның жұмыс істеу барысын көзбен көрген облыс басшысы аудан активімен жиын өткізіп, бірнеше шикіліктің бетін ашқан болатын. Жиын қорытындысында Ж. Түймебаев атқарылған іске қанағаттанбады.

Жансейіт Түймебаев – Облыс әкімі

Барлық саладағы жұмыстармен таныстым. Бірақ, атқарылған жұмыстан атқарылмағаны көп. Бүгін мен бұл үшін екі деген баға қоямын. Маған өтірік сөз, сылтау және алда істейміз деген сөздерің өтпейді. Әрекет ет. Ескертемін.

Дәл осы жиында Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ербол Ақтаев өз баяндамасында аудандағы екі елдімекен: яғни, Қожатоғай және Сырдария елдімекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен толық қамту үшін жұмыстар жүргізілгенін облыс басшысына айтып, жалған мәлімет берген болатын.

Ербол Ақтаев – Арыс қаласы әкімінің орынбасары

Біз 2016 жыл екі елдімекен халқын ауыз сумен қамту үшін жұмыстар жүргіздік. Жалпы, 60 көшені толық жөндеуден өткіздік. Бұл мақсатқа қазынадан 1 миллиардқа жуық қаржы қаралды.Алайда, барлығы баяндамадағыдай емес. Мәселен, Қожатоғай елдімекенінің халқына таза су әрең дегенде желтоқсан айында берілді. Ал, Сырдария елдімекенінің тұрғындары осы уақытқа дейін сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр.

Амангелді Тұрсынбеков – Сырдария елдімекенінің тұрғыны

Біз былтыр 5 октябрьде қала әкіміне кірген болтынбыз. Осы ауыз су мен жол мәселесі бойынша. Олар 2016 жылдың желтоқсан айына дейін бітіреміз деген болатын. Алайда, я су жоқ, я жол салынбады. Әбден шыдамымыз бітті. Осы өзекті мәселелер облыс әкімінің назарына іліксе екен...

Жолдардың мәселесі де оңып тұрған жоқ. Дені 1986 жылы салынған жолдар. Содан бері бір де бір жөндеу көрмеген. Әбден тозығы жеткен, шұрық-тесік. Әсіресе қыстыгүні көшелермен жүру мұңға айналған. Тіпті, әліге дейін тас төселмеген топырақ жолдар қаншама. Адам түгілі, көлік жүруге қиналады.

Ауданбек Қажы - Сырдария елдімекенінің тұрғыны

Уәде еткен я су жоқ немесе жол жоқ. Онсыз да тозып жатқан жолды быт-шытын шығарды. Осыны қолға алу қажет. Тез арада барлығын қалпына келтіру қажет. Тарықтық.

Сондай-ақ, облыстық маңызы бар Арыс-Шардара жолының Арыс аумағынан өтетін жері де мәз емес. Осы жолдан өтетін жүргіншілер тас жолдың сапасыздығын көріп, налиды. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Шұрық-тесік жолдан күнде жүріп, әбден мезі болған халық билік басында отырған азаматтар осы жолды қолға алып, күрделі жөндеуден өткізуін сұрап отыр.

Марат Анарбаев – Дәрігер

Мен өзім дәрігер болып жұмыс істеймін. Мына жолдан көп жүремін. Сапасыз жолдан мезі болдық. Науқастарды алып жүруге қиын. Өліп кетуі де мүмкін. Осы жолды жөндесе екен. Жарамай кеткен.

Осылайша, Арыс қаласында бірқатар түйіткілді мәселелер орын алып, өз шешімін таппай отырғанының куәсі болдық. Біздің мақсат – біреуді даттау немесе біреуді мақтау емес, тек шындықты айту. Ел басқарып отырған азаматтарға хабардар етіп, қордаланған проблеманың оң шешімін табуға атсалысу.

ҮСЕНХАН Тасқараев 

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...