ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды

15:12, 11 желтоқсан 2017

Қауіпсіздік шараларын сақтамау өлімге әкеп соқтырады. Кешегі түн шымкенттік... бүтін бір отбасы үшін қаралы түн болды. Улы газға елітіп, 3 бала мен бір кейуана көз жұмды. Олардың қаза болғанын... бірнеше күннен кейін... жақын туыстары мен көршілері болжаған.

Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында да жыл басында ТЖ оқиғасы болды. Ақпанда пештен шыққан улы газға иістеніп, бір кейуана тіл тартпай кетті. Оқыс оқиғалардың дені  пештерді тазаламаудан болады дейді,- сала мамандары.

Мұны ескерген ордабасылық ТЖ мамандары жағдайы төмен отбасылар және өздері әрекетке қауқарсыз қарттардың үйіне барып, пештерін тазалап беруді әдетке айналдыруда. Бұдан бөлек, оқушыларға өрттің алдын алу мен газдан улануды болдырмау шараларын насихаттап жатыр. Ол үшін арнайы сабақтар өткізіп, сурет салып, болуы мүмкін залалдардың ауқымы түсіндірілуде.

Ордабасылық Төтеншеліктер осындай шараларды қолға алып жатқанда Шымкентте  жексенбі күні оқыс оқиға орын алды. 10-желтоқсан күні Республика даңғылы, №31 үйдің төртінші қабатынан төрт жастағы қыз баланың, он екі және он үш жастағы екі жеткіншек пен қарт кейуананың өлі денесі табылды. Бұл отбасы пәтерді жалдап тұрған.  Оларды көптен бері көрмегеніне алаңдай бастаған туған-туыстары мен көршілері полицияға хабарласқан. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары пәтер есігін бұзып кірген. Алдын ала болжам бойынша, олардың денелері үш тәулік бойы жатып қалған. Өлімдерінің себебі, газдың таралуы болуы мүмкін. Қазір оқиғаға қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.  

НҰРМАХАН Кенжехан

Тақырып бойынша материалдар

2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...
Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен болды
20:36, 10 қазан 2017
Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен бол...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...