ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

Әлеуметтік желінің әлегі

14:55, 17 қараша 2017

Әлеуметтік желінің әлегі көбейіп барады. Желі арқылы жұртты қаралау соңы... жақсылыққа әкелген емес. Қазір облысымызда желіде жұртқа жария болған істер бойынша сот процестері басталған.

Ғаламтор дамыған заманда әлеуметтік желі деген өмірімізге желімдей жабысты. Біреулер желі арқылы пайда тауып, болып жатыр табысты. Ендібіреуі аңдамай сөйлеп, сот отырысына қатысты. Осындай істің бірі Шымкент қалалық жедел жәрдем қызметі басшысының көлік жүргізушісі Әлішер Тұрсынқұловқа қатысты қозғалды. Ол өзінің басшысын «мені пара алуға делдалдық жасады» деп, айыптаған болатын. Сотта бұл іс қазір былайша өрбіп жатыр. Басшысы емес, көлік жүргізушінің өзі сотталушы  орындығында  отыр.

БҮРКІТ БАЙДУЛЛАЕВ -  ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАҚ-ПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІ СУДЬЯСЫ

Жәбірленушілердің сеніміне кіріп, сенімдерін теріс пайдалану жолымен бірнеше рет рет алаяқтық жасаған. Мемлекеттік қызметке функциясы теңестірілген адамға пара беруге бірнеше рет азғыру арқылы көндіріп, алдап салған. 

Желіні шулатқан тағы бір оқиға Шымкенттегі №38 мектеп басшылығы мен мұғалім арасында өрбіп жатыр. Онда Гүлжан Сәлімбаева деген мұғалім мектеп директоры мен оның екі орынбасарын айыптаған.

ТАМАРА СМАЙЛОВА - ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАҚ-ПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІ СУДЬЯСЫ

20-қазан 2017 жылы Сот ұйғарымымен сот-психологиялық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы келеді. Соған байланысты сот ісі жаңғыртылып, қайта қаралатын болады.

Осылайша, әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялап, көпшіліктен өзіне қолдау іздегендер сотта әуреге түсуде. Кім жазықты? Кім жазықсыз? Оның төрелігін енді сот айтады.

НҰРМАХАН Кенжехан                                               

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...
Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен болды
20:36, 10 қазан 2017
Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен бол...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...