ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Толығырақ

Есірткіге тәуелді 2605 адам тіркелген

13:30, 26 маусым 2017

Бүгін күнтізбеде – халықаралық нашақорлық пен заңсыз есірткі айналысымен күрес күні. Осыған орай Облыстық наркологиялық диспансер дәрігерлері алқалы жиын өткізді. Мамандар ғаламдық мәселеге алаңдаулы. Өйткені, облыста жыл басынан бері 2605 есірткіге тәуелді азамат тіркелсе, оның 215-і өкінішке қарай, бұрымдылар.


Облыс аумағында есірткіге еліткендердің қатары 15 мыңнан асқан. Оның 13 172-сі атасынан қалған ас емес,  араққа құмар. 37 жасөспірім де жұтуға келгенде жұлқынып тұр... Көңілге аздаған медеті... Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеу. Бірақ тоқмейілсу тоқырауға апаратынын ұмытпау керек. Әлеуметтік бұл проблема шешілмесе, қоғамда түрлі түйткілдер туындайды. Отбасы ажырасады. Құқықбұзушылық, қылмыс өршиді. Алқалы жиында мамандар ащы шындықтың астарына терең үңілді.

2016 жылы дауасыз дертке шалдыққандар 17 552-ге жеткен болатын. Алайда, бұл тек - ресми деректер. Тізімде жоқтары бұл көрсеткіштен де көп болуы мүмкін. Есірткі өндіру Ауғанстанда қарқынды жүзеге асса, экспорттау тікелей Қазақстан арқылы өтеді. Еліміз наркографиялық белдеудің қақ ортасында орналасқан.  Сондықтан жан-жақтан қауіп мол. Есірткі тасымалы мен қолданушылары туралы деректер болса, жерде қалмасын! Бұл – Қазақстанның баянды болашағының қамы!

ДИДАР Өмірзақова                                                             

 

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар