ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Толығырақ

Кейуанаға көмек керек!

14:29, 1 шілде 2017

Шымкент қаласының 83 жастағы тұрғыны Рахима Хайдарбекова көптен көмек сұрайды. Осыдан 10 күн бұрын Қойгелді батыр көшесіндегі үйі өртеніп, қарт ана далада қаңғып қалған. Онсыз да баласы мен қызы қайтыс болғалы халі мүлдем мүшкіл еді. Бес жылдан бері жалғыз тұратын ананың баспанасын шарпыған жалын жығылғанға жұдырық болды.

Оқыс оқиға Рахима Хайдарбекова жақын туысының жаназасына кеткен кезде орын алған. Маусымның 21 күні жатын бөлменің электр шамынан тұтанған от үйдің ішін лезде жалмаған. Шыға беріс есіктің маңы қызыл жалынға оранғанда қарт ана үйіне оралыпты.  Үй иесінің жанайқайына бірінші көршілері жетіп, өртті сөндірмек болғанмен, нәтиже болмаған.

Көрші ақысы-Тәңір ақысы. Жақын маңдағы көршілер апаның ас-суын дайындап, кешке кезекпен үйлеріне қондыруда. Қиналған сәтте қолтығынан демеп, қолдау білдіруде. Уақытша қарайласқанымен баспанасын қайта қалпына келтіруге дәрменсіз. Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары да 10 күннен бері үйді қоқыстан тазартып еңбек етуде. Облыстық мәслихатының депутаты Бахарам Әбдікәрімов те жалын шарпыған шатырды жаңартуға қажетті құрылыс материалдарын алып берген. Жергілікті билік жүкті жұмыла көтерсек, жеңіл болар еді,-дейді.

Көршілерді әбігерге салмау үшін Рахима апа 2 күннен бері далада қонып күнелтуде. Жанып кеткен заттарына қараған сайын жаны жабырқайды. Тамақ әзірлейтін қазан-табағы да жарамсыз. Қанша қиналса да Жаратқанның сынағына сабыр сақтап, шүкір,-дейді. Қажыған қартқа қамқорлық жасап, сауапқа кенелгісі келетін азаматтар болса арнамызға хабарласып, қол ұшын беруге шақырамыз!

САТТАР Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар