ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Кешегі экстремистік топ мүшелері деп ұсталғандарды бостатып жіберген бе?

17:10, 20 қыркүйек 2017

«Гарант» дүкені қайта жұмысын бастады. Қарулы жасақ автобуспен алып кеткен азаматтар бүгін түк болмағандай тірлігін істеп жүр, - деп хабарлайды ТВК телеарнасы

       «Гарант» қайта ашылып, телефондар бұрынғыша емін-еркін сатылып жатыр. Мұнда кешегі қорқыныш пен таңданыстың ізі де қалмаған. Өйткені, полицейлер ұсталған азаматтарды тексеріп кейін босатып жіберген. Бірақ, барлығын емес. Мәселен, Түркістан көшесінің бойында орналасқан мына ғимаратты ішкі істер департаменті жауып тастапты. Бұл жерде төрт жігіт телефон жөндеумен айналысқан екен. Кешегі операция кезінде тәртіп сақшылары оларды алып кеткен.

Қала тұрғыны:

– Әркімнің өз жұмысы ғой. Тауып жатқан табысы. Бірақ мен өзім кешегідей ұстап алып кеткеніне жаным ашып тұр.

       Дінтанушы Абдулла Бахадыр құқық қорғау органдарының әрекетін қолдап отыр. Өйткені, технология дамыған заманда жат ағымды насихаттау қиын емес дейді. Мәселен, қазір смартфон кез-келген адамның қолында бар. Ал гаранттағы алып сатарлар сол телефондардың идентификациялық кодын өзгерту арқылы үгіт-насихат жүргізіп жатқанын айтты.

СНХ: Абдулла БАХАДЫР, дінтанушы

– Операцияны сәтті өтті дейге болады. Шындығында сол ұрланған телефондардың жеке кодын өзгерту арқылы экстремистік уағыздар салған. Біреулер телефон сатып алғанда мынаның ішінде мынау жүр, қайтіп өшірем деп жүреді. Бұл экстремизмге үндеудің жаңа жолы.

       Естеріңізде болса, 19 қыркүйекте ҰҚК мен ІІД бірлесіп арнайы операция жүргізген еді. Нәтижесінде, ұрланған телефондарды сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталғаны хабарланған болатын

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...