ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Қорғасын зауытынан өрт шықты

10:48, 29 шілде 2017

Иесіз қалса, жер жетім! Шымкентте сан жылдық тарихы бар Қорғасын зауыты өртке оранды. Қызыл жалын өндіріс орнының әкімшілік ғимаратынан шыққан.

Өрт сөндірушілер хабарлама түскен бойда оқиға орнына жеткен. Бірақ, қызыл жалынды  күн ыстықта  одан әрмен үдеп кетпес үшін хабар берген куәгерлердің өзі  сөндіріп үлгерді.  Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Зарипа Тұрысбекованың айтуынша, зауыт қашаннан бері – иесіз.  Сондықтан қараусыз мекенде болған өрт  департаментке тіркелмеген.  Қандай да бір  ақпарат берудің өзі – негізсіз. Айту керек,  Қорғасын зауытының бар мүлкі қазір банкке өтіп кеткен. Өйткені, өндіріс орнының бұрынғы қожайыны 11 млрд. теңгеден астам несие алып,  61 миллионын қайтармаған. Соған қарамастан, зауыттың бұрынғы иесі Тұрсынбек Асамбаев  заңгері Бауыржан Жақыповпен бірге кәсіпорындағы  мүлікті сатып,  талан-таражға салғаны үшін  кінәлі деп танылған.  Қазір қос азамат та сотты болып,  мүлкі тәркіленді.  Осылайша, соғыс уақытында талай әжетке жараған зауыттың  тағдыры бұлыңғыр күйге түсті.

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...