ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Өртенген мұнай зауытында қаза тапқандар белгілі болды

16:06, 23 маусым 2017

Шымкентте мұнай өңдеу зауыты өртеніп, бір адам қаза тапты.Ажал құшқан 46 жастағы азамат – сол зауыттың жұмысшысы. Төтенше жағдайлар департамент таратқан ақпаратқа сәйкес, қызыл жалын 200 шаршы метр жерді шарпыған. Салдарынан АИ 92 маркалы 3 мың тонна бензин жанып кетті. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Зауыт аумағындағы өрттің тұтанғанына қазір шамамен 5 сағаттай уақыт болды. Осы уақыт ішінде төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қанша күрескенімен, тілсіз жауды тоқтату мүмкін болар емес. Сондықтан олар қазір қызыл жалынды өшіру үшін емес, оттың өзге аймаққа таралып кетпеуімен күресуде.

Негізінде өрт «Шымкент мұнай өнімдері» акционерлік қоғамына қарасты резервуардан шыққан. Оның ішінде 3 мың текше метр жанармай болған. Қызыл жалынның шарпығаны соншалықты, жақын маңдағы қоймаларға да қауіп төндіруде. Еске салсақ, резервуар жанында 9 бензин сақтайтын орын бар.  

Зарипа Тұрысбекова – Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы

Өртті оқшаулау уақыты нақты белгіленген жоқ. Себебі қосымша өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Онымен қажетті су мен көбік жеткізілді..

Бір адамның өмірін жалмап, қыруар шығын келтірген өртті ауыздықтау үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 35 техникасымен 200-ге жуық  маман жұмылдырылған. Өрт сөндіру кезінде жұмысшылар қауіпсіз аймаққа көшіріліп, сол маңдағы күре жолдағы көлік қозғалысын жергілікті полиция қызметкерлері бақылауға алды. Оқиға орнына тиісті шаралар қарастыру үшін облыс әкімінің орынбасары мен қала әкімі де жетті.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...