ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Шымкентте жер сілкінді

18:37, 9 тамыз 2017

Әкімшілік іскерлік орталықта дабыл қағылды. Сейсмикалық қауіптілік - 8 балл. Нысан ішіндегі қызметкерлер ережеге сай дереу сыртқа шығып үлгерді. Абырой болғанда ешкім жарақат алған жоқ. Бұл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің іскерлік орталықта өткізген оқу жаттығу жиынында болған жағдай.

     Таңғы тоғызда мемлекеттік қызметкерлер аяғынан тік тұрды. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, авариялық баспалдақ арқылы әр басқармаға сыртқа шығып, сап түзеді. Әр бөлім басшылары - ұжымына жауапты.

     Шымкент қаласы сейсмикалық аймақта орналасқан. Сондықтан  қауіптің алдын алу үшін әр мекеме тоқсан сайын жаттығу жұмыстарын жүргізуі шарт, – дейді төтенше жағдай мамандары. 

     Іс-шара барысында арнайы техникалар да тексерілді. Төтенше жағдаймен күресетін  мекемелердің дайындығы пысықталды. Мұндай оқу жаттығу жұмыстары өзге де нысандарда жалғасын табады- дейді мамандар.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...