ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Шымкенттің 16 көшесін су басты

12:14, 20 сәуір 2017

Сақтансаң, сақтайды! Су тасқыны мен өрттің алдын-алу жұмыстары төтеншеліктер мен қала билігінің қатаң бақылауында. Былтыр Шымкентте бір реттен орман және дала өрті тіркелген. Ал, сәуірдің 12-сі мен 13-і күндері екі тәулік бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қаладағы бірқатар шағынаудан үйлерін су басты. Осы жағдайларға байланысты жауапты мамандар мәжіліс өткізді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қала билігі өрт болу қаупі жоғары аумақтарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көп жағдайда дала өртінің өршуіне адами фактор себеп. «Қазір егістік алқаптары мен жол бойында ені 7 метр болатын минералды жолақтарды жырту жұмыстарын жүйелі жүргізу маңызды.

Өткен жауынды күндері қаланы қақ жарып өтетін Қошақарата өзені арнасынан тасып кетті. «Қазгидромед» мамандарының айтуынша,  12 сағатта 44 миллилитр жаңбыр жауған. Салдарынан «Самал-3» шағынауданындағы тұрғындар зардап шекті. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары мен қала билігі ең алдымен, азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін оларды қауіпсіз аймаққа көшірді.

Айтып келмейтін апаттың алдын-алу үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Арық-атызды тазалап, ирригациялық жұмыстарды жүргізу үшін сметалық құжаттамаға биыл 5 млн. теңге бөлінген. Бірақ, баяғы жартас - сол жартас. Жергілікті билік бұған тұрғындардың өздері де кінәлі дегенді айтады.

Рауан Өсербаев - Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы

Су басудың алдын алу жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмеген. Сонымен қатар, тұрғындардың өздері де кінәлі.

Бейсенбек Жанбосынов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Мөлшерден тыс жауған жауыннан 16 көшедегі 26 мекенжайдан су басты деген ақпар келіп түскен. Оған төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың 8 техникасы, 41 маманы жұмылдырылды. Билік өкілдеріне дамыл болмады. 22 техниканың көмегімен 50 қызметкер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізген.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                                              

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...