ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Соңғы 5 жылда Кентау қаласында суға кету оқиғалары тіркелмеген

18:37, 19 мамыр 2017

Кентау қаласы әкімдігінің мамандары шомылу маусымына дайындық шараларын пысықтады. Қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбаев төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша мамандар есебін тыңдады. Кентау қаласы бойынша 7 аймақта шомылуға рұқсат етілген. Дегенмен тұрғындардың кейде тыйым салынған аймақтарда демалып, шомылатыны мамандарды алаңдатып отыр.

Жиында баяндама жасаған қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы жаз айларында суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғалар орын алатынын айтты. Шомылу барысында ұстанатын сақтық шаралармен таныстырды.

Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қазіргі таңда Кентау қаласы әкімі аппаратының және қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы іс-шара жоспарлары бекітілген. Осыған сәйкес, мамандар суда жүзе алатын қала тұрғындарына батып бара жатқан адамға қалай көмектесуге болатынын түсіндірді.

Рашид Мыңбаев – Кентау қаласы әкімінің орынбасары

Кестеге сәйкес, тұрғындар, білім беру орындарының оқушы-студенттері, ата-аналарға сақтық іс-шаралар бойынша түсіндіру мен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, соңғы 5 жылда Кентау қаласында суға кету оқиғалары тіркелмеген.

САТТАР Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен болды
20:36, 10 қазан 2017
Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен бол...
Толығырақ...
Кешегі экстремистік топ мүшелері деп ұсталғандарды бостатып жіберген бе?
17:10, 20 қыркүйек 2017
Кешегі экстремистік топ мүшелері деп ұсталғандарды бостатып...
Толығырақ...
"Qazaqstan" телеарнасы жаңа маусымда бұрын-соңды болмаған жобаларды ұсынады
17:46, 25 тамыз 2017
"Qazaqstan" телеарнасы жаңа маусымда бұрын-соңды болмаған жо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...