ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесемін десеңіз...

19:58, 19 сәуір 2017

«Ағайынның басына түскен ауыртпалықты көп боп жұмыла көтеру ұлтымызға тән ұлық қасиет.» Осылай деп бастама көтерген Оңтүстік Қазақстан облысының жастары тасқын судан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына арнап гумманитарлық көмек болатын заттарды жинауға кірісті. Қатарластырының игі ісіне қолдау білдірген облыс жастары бүгіннен бастап арнайы құрылған штабқа жылы киім-кешек пен азық-түлік әкеп тапсырып жатыр.

Сондай-ақ  жомарттық таныту шарасына қалталы кәсіпкерлер, өндіріс ошақтары мен кәсіпорындар,  түрлі мекемелермен  бірге  қарапайым азаматтар да қаржылай үлесін қосуда. Қаржылай көмек беремін деушілерге арнайы есепшот ашылған. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы да осыдан сегіз жыл бұрын тап осындай қиындықты бастан өткерген болатын. Сондықтан да олар бірлігі бекем еліміздегі ынтымақ пен берекенің арқасында басқа түскен ауыртпалық пен зауалды бірлесіп жеңуге болады деп есептейді.

Береке Дүйсебеков - Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры

Жұмыла осылай өзіміздің  ынтымақтастығымызды, ауызбіршілігімізді көрсететін сәт келіп жетті деп ойлаймын. Жалпы осы екі аптаның көлемінде осы жерге  жиналған заттардың барлығын жүк көлігіне тиеп, сол аймақтарға аттандырамыз. Жылғанын жиылғандай жіберіп отырамыз.

Көмектесуге ниет білдірушілер болса, Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, №1, «Облыстық Жастар ресурстық» орталығы (бұрынғы С.Сейфуллин атындағы «Достық үйі») келулеріңізге болады. Сенбі, жексенбі күндері де, сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен болды
20:36, 10 қазан 2017
Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен бол...
Толығырақ...
Кешегі экстремистік топ мүшелері деп ұсталғандарды бостатып жіберген бе?
17:10, 20 қыркүйек 2017
Кешегі экстремистік топ мүшелері деп ұсталғандарды бостатып...
Толығырақ...
"Qazaqstan" телеарнасы жаңа маусымда бұрын-соңды болмаған жобаларды ұсынады
17:46, 25 тамыз 2017
"Qazaqstan" телеарнасы жаңа маусымда бұрын-соңды болмаған жо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...