ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Толығырақ

Суға батқан жігіттің өлі денесі табылды

18:32, 7 маусым 2017

Аптап ыстықта судағы қауіп-қатер алаңдатпай қоймайды. Отырар ауданында осымен бір емес, екінші мәрте суға бату дерегі тіркелді.

Маусының 3-і күнгі жағдайда  1982 жылғы азамат  Шәуілдір ауылдық округіне қарасты Сарыкөл ауылында  суға батып кеткен.  Жігіттің денесі 5 сағат дегенде әрең табылды.  Бұл аймақта жедел-құтқару жасағының 4 адамы іздеу салды.  Ал, келесі оқиғада   Арыс өзенінінің «Ильич» елдімекені маңындағы айдында болжам бойынша 1992 жылы туылған азамат  суға кеткен. Оқиға орнында Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері жұмыс істеді.  Мамандар  өзенге 7-12 метрге дейін сүңгіген.   10 шақырым жерді шолып өтті.  10 күндік  іздеу шараларынан  ешбір нәтиже болмады.  Тек  кеше  сағат 7:10-да жергілікті шопан Қарақоңыр ауылдық округінің Бесторанғыл ауылы аумағынан өтетін Арыс өзенінде ер азаматтың денесін көргенін  құтқарушыларға хабарлады.  Сағат 7:20-да сүңгу жұмыстары барысында ер азаматтың денесі оқиға орнынан ағымның төменгі жағынан 35 шақырымдық жерінде  судан шығарылды. Суда да тажал бар. Құтқарушылар  шомылу маусымында сақ болуға шақырады.  Суға  масаң халде түсуге, бала-шағаны қараусыз қалдыруға  қатаң тыйым салады. Жүзуден қиналатындардың  арнайы үйірмеге қатысып,  қауіпсіздік шараларын нығайтуын сұрайды.

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар