ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Тасқынға - тосқын

11:45, 2 мамыр 2017

Сәуірдің соңғы күндері жауған жаңбыр отырарлықтарды бейжай қалдырған жоқ. Арыс арнасынан асып, су жол бойына, жайылымдық жерлерге жайылды. Қазір ауданда тасқын суға қарсы қауіпсіздік шаралары берік қолға алынған

Көктемгі жаңбырдан бұл күндері жер-жерлерде көлшіктер пайда болды. Автокөлік қозғалысында қиындық туды. Алайда, қатты абыржуға негіз жоқ. Арыс қалпына түсті, - дейді аудан басшылығы. Дей тұрғанмен, жауаптылар сақтық шараларын қарастырып, қауіпті деген аймақта қорғаныс бекеттерін жасаған.

Ерлан Айтаханов - Отырар ауданының әкімі

Бүгінгі таңда Арыс өзенінің суы тұрақталды.Секундына 129 текше метр жылдамдықта өтіп жатыр. Ол жақсы. Арыс тасымайды. Дамбылар құрдық. Ешқандай қауіп жоқ. Арыстың суы азайып жатыр. Өзінің арнасына қайтып түсіп жатыр. Ал, қалдық сулар ағып кету үшін бірнеше күн уақыт керек.

Арыстың арыны белгілі. Енді ел-жұртты Сырдария өзені деңгейінің көтерілуі алаңдатып отыр. Жергілікті билік облыстық төтенше жағдайлар департамантімен бірлесіп, су тасқынының алдын алу мақсатында сақтық шараларын қарыстырып бәйек.

Батырғали Сопбеков – Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

Сырдария өзенінің арғы бетіндегі Маяқұм, Ақкөл, Есіркеп ауылдарының тұсынан үлкен жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ертеңгі күні судың деңгейі көтерілетін жағдайда алдын ала сақтық шараларын жүргізіп жатырмыз. Сақ болсаң, сақтайды дегендей алдын алу шараларын барынша жасап жатырмыз.

 «Жаман айтпай, жақсы жоқ». Бүгінде өзен маңайына жақын жайғасқан бес ауданның әкімдері  бар күшті жаға бекіту жұмыстарына жұмылдырып отыр. Бұл оқыс оқиғаның орын алмауына үлкен септігін тигізері анық.

СЕНБЕК Құттыбайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...