ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Төрт күнде төрт адам суға батып, қайтыс болды

15:56, 11 шілде 2017

Аптап ыстықта көңілді демалыстың соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Мерекеге орай берілген төрт күндік демалыста төрт адам суға кетті. Өкінішке қарай, көз жұмғандардың екеуі - бала.

Өңірдегі құтқарушылардың айтуынша,  қайғылы жағдайлар адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алған.  Бақилық болған екеу  рұқсат етілген су қоймасында шомылғанымен, жағадан тым алыстап кеткен. Салдарынан олар  суға батып кеткен. «Оқиғалардың бірі  Шардара су қоймасында орын алды. 1963 жылғы ер адам  судың шомылуға рұқсат етілмеген жеріне өтіп кетіп, бақилық болды.  Тура осыған ұқсас жағдай Тоғыс су қоймасында орын алды. 1986 жылғы келіншек қауіпсіз аймақтан шығып кетіп, құтқарушылар жетемін дегенше көз жұмған. Ал, балаларға қатысты оқыс оқиға аудандарда тіркелген. Отырар ауданында  2005 жылғы жеткіншек суға ағып кетсе, Сарыағаш ауданында 2014 жылғы бүлдіршін де тілсіз жаудың құрбаны болды. Екеуі де ата-ананың қарауынсыз қалып, су арнасына құлап кеткен.

Айту керек, биыл өңірде 17 адам суға кетіп, ажал құшты. Олардың 11-і -- кәмелет жасына толмаған балалар. Қайғылы жағдайларға негізінен тұрғындардың салғырттығы мен ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырып кетуі себеп болған.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
15:12, 11 желтоқсан 2017
Бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
Толығырақ...
2  жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
20:07, 2 қараша 2017
2 жасар сәби ашық құбыр құдығына түсіп кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...