ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Жасырынған полицейлер түсірілім топтың алдында ақталумен болды

20:36, 10 қазан 2017

Жол белгілері мен сақшылары «жасырынып» тұратын Шымкентте «Крис Пи» деп аталатын құрылғы жүргізушілердің жүйкесін жұқартты. Темір тұлпар тізгіндегендерді құрылғының таса жерге тығылып қойылатыны қынжылтады. Қара жолда жүріп қалтасы жұқарған жүргізушілер: «ең болмаса полицейлер құрылғыны көрінетін жерге қойып қасында өздері тұрса»,- дейді. Әйтпесе, талайдың тапқаны бала-шағасының тамағына емес, айласы басым айыпұлды төлеуге кетіп жатқан көрінеді.

       Жүргізушінің осы сөзінен кейін сол құрылғының қазір қайда? Қалай орналастырылатыннын көру үшін көшеге шықтық. Бағытымыз жұрт жиі айтатын Ұланбек Арғынбеков атындағы күре жол. Жүріп келеміз. Жүріп келеміз. Көше бойында жылдамдықты еске салатын бірде бір белгі жоқ. Бірақ Өтегенов қиылысынан өте бергенде жүргізушілердің жүрегі шайлыққан құрылғыны көз шалды.

       Біз қазір Арғынбеков көшесінің орта тұсында тұрмыз. Бұл маңға жақын жерге жылдамдықты еске салатын ешқандай жол белгісін қойылмаған. Ал бірақ мына жерге жылдамдық өлшеушіш  «Крис П» құрылғысы қойылыпты. Мұның қасындажол сақшыларының көлігінің де қарасы көрінбейді. Ешқандай белгі болмағандықтан бұл жерден темір тұлпар тізгіндегендер жоғары жылдамдықпен өтіп жатыр. Ал олардың жылдамдығын арнайы құрылғының түсіріп тұрғаны сөзсіз. Демек бұл қаншама жүргізушінің қалатасы қағылып жатыр деген сөз.

      Айтып ауыз жиып болмай жатып, қасымызға арнайы автокөлікке мінген жол сақшылары келді. Барлығын алыстан бақылап тұрса керек...Айтуларынша олардың құрылғы қасында тұруларына болады.

       Мынаны ешкім байқамайдығой. Сіздердің қасында тұруларыңызға болмай ма? Болады. Енді неге жоқсыздар? 5 кмге дейін жүре беруімізге болады. заправкаға барып қайттық...

       Жол сақшыларының бұл әрекеті еріксіз қармақ салған балықшының қылығын көзге елестеді. Бірақ, бұл жердегі балықтың орнында халықтың тұрғаны өкінтті. Ал, біз жүргізушілердің жанына тиген тағы бір жол белгісін түсіруге аттандық. Ол - Сейдула Бәйтереков атындағы кең көшеге 40 деген жол белгісі мен жылдамдықты өлшеу апарты қойылған.

ЫБЫРАЙ  ДІНАСЫЛОВ – КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ

  • Адырбеков көшесіндегі 40 деген знакқа апарат қойған. Ол жерде не знак жоқ, не мектеп жоқ. түсінбейсің не үшін қойғанын.

       Жүргізушілердің жанына тиген жол белгілерінің жайын айтып облыстық әкімшілік полиция басқармасына бардық. Ондағылар өздері қойған барлық белгінің заңды екенін алға тартып түсіндіруге тырысты. Жол белгілерінің кейбір жерлерге жөндеу жұмыстарына байланысты қойылмай жатқанын айтып, айдалаға 40 деген белгінің көлік апатынан кейін орнатылғанын жеткізді.

ДАНАБЕК МЫРЗАБЕКОВ – ОҚО ІІД ӘПБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

  • Біз 3-4 рет жол көлік оқиғасы болған жерге тиісті шаралар қабылдаймыз. Бәйтереков көшесінде жасөспірімді көлік қағып кеткен болатын сондықтан ол жерге арыз жазылып сондай белгі қойылды.

       Егер 3-4 рет жол-көлік оқиғасы орын алған жерге арнайы шара қабылданып, бақылау күшейтілуі керек болса, онда талай жерге темірдей тәртіп орнауы керек еді ғой, шіркін. Өйткені қарапайым бағдаршам сұрап шырылдаған талайдың үні жартасқа ұрылған жаңғырықтай кері қайтқаны мәлім бізге.

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Кешегі экстремистік топ мүшелері деп ұсталғандарды бостатып жіберген бе?
17:10, 20 қыркүйек 2017
Кешегі экстремистік топ мүшелері деп ұсталғандарды бостатып...
Толығырақ...
"Qazaqstan" телеарнасы жаңа маусымда бұрын-соңды болмаған жобаларды ұсынады
17:46, 25 тамыз 2017
"Qazaqstan" телеарнасы жаңа маусымда бұрын-соңды болмаған жо...
Толығырақ...
Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
19:13, 9 тамыз 2017
Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...