ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Астанада брифинг өткізген ОҚО әкімі болашақ жоспарлармен бөлісті

15:00, 19 мамыр 2017

Бүгін Астанада облыс әкімі Жансейіт Түймебаев журналистерге арнап, брифинг өткізді. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Аймақ басшысы Елбасы Жолдауында жүктелген мақсат-міндеттерді орындау барысындағы жоспарларымен бөлісті.

Халқы тығыз орналасқан күнгейде 3 млн-ға жуық тұрғын бар. Әлеуметтің әлеуетін арттыру бойынша жұмыс бірнеше бағытта өрбіп жатыр.  Облыстағы өнеркәсіп өнім соңғы үш айда 183 млрд. теңгеге жетті.  Индустрияландыру аясында 101 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Соңғы бес жылда облысымызда  ауылшаруашылығы саласының  өнімі 2 есеге артқан. Бұл 445 млрд. теңгені құрайды.  Өнім өндіру жағынан Республикада  Оңтүстік Қазақстан облысының  үлесі - 12,3 пайыз.  Ел нарығындағы мақтаның 100 , жүзімнің 65,5 , бақша өнімдерінің 61 ,  жеміс жидектің 38 , мақсарының 36,  көкөністің 25,  жүгерінің 23,  сүттің 13,5, еттің 12,3 пайызы  түстік шаруаларының еңбегімен келген. Қазақстанның үшінші жаңғыруы жолында  атқарылған іс оңды.  Жыл басынан бері 11 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Елбасы Жолдауында айтылған адами капиталдыңсапасын арттыру үшін облыста алдағы 5 жылда 205 жаңа мектеп салынбақ.  Үш тілді білім беру жүйесіне дайындық барысы да жаман емес.  Биыл 621 мұғалім білімін жетілдіреді. Жалпы, түстік өңір елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағынан  республикада  4 орында.  Ауыл тұрғындары 90 пайыз ауыз сумен қамтылған. Ал, табиғи газ тарту жұмыстары да қарқынды. Өңір тұрғындарының 35,5 пайызы көгілдір отынға қол жеткізді.  Оңтүстік алдағы 5 жылда жайқалған жасыл аймаққа айналады.  Биылдың өзінде 5064 гектар жерге ағаш көшеттері отырғызылды.  2020 жылға дейін жасыл алқаптың аумағын  20 мың гектарға жеткізу жоспарда бар.

Тақырып бойынша материалдар

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
21:56, 14 желтоқсан 2017
Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Толығырақ...
Азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды
15:11, 12 желтоқсан 2017
Азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды
Толығырақ...
Ж. Түймебаев:  үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс
19:19, 29 қараша 2017
Ж. Түймебаев: үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлік...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...