Құрылыс нысандарын аралаған Отырар ауданының әкімі жауаптыларға ескерту жасады

Отырар ауданында құрылыс қарқын алған. Бірқатар білім ошақтары күрделі жөндеуден өтуде. Қайта салынып жатқан нысандарды аудан әкімі арнайы аралап, құрылыс сапасын бағамдады.

19:17, 10 тамыз 2017   278

     Мемлекет қаржысына бой тіктеген білім ұяларында ескерілуі тиіс мәселелерге ерекше тоқталды. Әкім назары алдымен, Ызакөл елдімекеніндегі «Сырдария» шағын жинақты негізгі мектебіне ауды. Талапты елдімекеніндегі Қаныш Сәтбаев, Қарғалыдағы Саттар Ерубаев және Темір ауылындағы «Темір» орта мектептері де жұмысты жеделдетуді талап етеді. Аудан басшысы Ерлан Айтаханов «Қазгидромет» болжамына сілтеме жаса» отырып, биылғы қыстың қатал болатынын ескертті. Осы ретте Сырдария және Қаныш Сәтбаев мектептерінің жылу қазандықтарын тездетіп ауыстыруды талап етті. Сондай-ақ, мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары барысында асығыстыққа салынбай, талғамға сай жұмыс жүргізуді ұсынды. Аудан  басшысы табан тіреген әр нысан мердігері мен мекеме басшысына  құрылыс жұмыстарының сапалы әрі көрсетілген межелі мерзімде аяқталуын қатаң тапсырды.

ПРЕЗИЗАТ Биназарқызы

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07