ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!! Толығырақ

Облыс әкімінің мақтарал ауданына сапары

16:26, 12 қазан 2017

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтарал ауданына барды. Онда өңір басшысы аймақтың әлеуметтік дамуына үлес қосып отырған бірнеше өндіріс орындарын аралады. Сонымен қатар, сондағы кәсіпкерлердің демеуімен жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Әкімнің мақталы аудандағы сапары мақта зауытынан басталып, мақта алқабында түйінделді.

Өңір басшысы алдымен Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауытында болды. Құрылғанына жарты ғасыр болған бұл кәсіпорын жылына 60 мың тонна мақта талшығын дайындап беруге қауқарлы. Қазір 3 ауысымда 300-дей азамат жұмыс істеуде. Өндірілген өнім негізінен сыртқа экспортталады.

Бұл зауыт әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жағынан да көпке үлгі. Оған мысал, қазір осы өндіріс орынының мөлтек ауданында 200 –дей отбасы тұрады. Ондағы коммуналдық түйіткіл түбегейлі шешілген. 2008 жылдан бері кәсіпорын сүт өнімдерін шығару ісімен де айналысуды қолға алған еді. 9 жылдағы жетістік жаман емес. дайын өнімнің бірнеше түрін шығаруға қол жеткен. Қазір Асықата аумағындағы балабақшаның дені Ақ алтын берекеніңөнімдерін тұтынады. Кезекті сапары кезінде өңір басшысы сүт өнімдерін шығаратын цехтыңда жұмысы мен танысты.

Осыдан кейін өңір басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолға алған «Туған жер»  бағдарламасы шеңберінде Мақтарал ауданда жүзеге асып жатқан жобалар мен танысты. Ол үшін «Бірлік» ауылында жеке кәсіпкердің демеушілігімен бой тіктеген ойын алаңшасына барды. Айтып өту керек, бүгінде ауыл балаларының сүйікті мекеніне айналған алаңды сол жердің тумасы Абыз Алипов өз қаржысына салдырған. Сонымен қатар қалталы кәсіпкер тағы ауылындағы тұрмысы төмен бір отбасына жеке баспана да тұрғызып беріпті. Бүгінде халықтың алғысына бөленген азамат бұл бағыттағы жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра бермек ниетте.

Кезінде тек ақ алтынмен аты шыққан Мақтарал ауданы соңғы уақытта ауыл шаруашылығын әртараптандыру ісін де мықтап қолға алған. Соның нәтижесі болар соңғы жылдары ауданда бау бақша алқабының көлемі артып, шаруалар жерге күріш дәнін себуді де қолға алды. Сондай шаруашылықтың бірі «Жарқын» қожалығы. Аталмыш шаруашылық биыл 72 гектар алқапқа ақмаржан дәнін қадаған. Бүгінде әр гектарынан 5-6 тоннадан өнім алып отыр.

Ескерте кету керек аграрлы ауданда қазір жердің тозып бара жатқаны байқалады. Жағдайдың күрделеніп кетуіне кезіндегі тік дренаждардың істен шығып қалуы себеп екен. Енді сол олқылықтың орнын толтыру керек. Аймаққа ат басын бұрған өңір басшысы осы бағытта жүзеге асып жатқан жұмыстармен де танысты.

Қазір тек жерді игеріп ауыл шаруашылығын дамытып қана экономиканы дамытып жіберу қиын іс. Сондықтан өндірісті де өркендету керек. Бүгінгінің талабы осы. Бұл талаптың үдесінен шығу үшін қазір барлық аудан қалада индустриялды аймақтар құрылған. Мұндай аймақ мақталы ауданда да бар. Енді сол жерде қандай жобалардың жүзеге асатыны өңір басшысна қағаз жүзінде таныстырылды.

Ал, өңір басшысының ауданға жасаған сапары «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтында түйінделді. Мұнда өңір басшысына мақтаны соңғы технологияларды пайдалана отырып өсірудің тың тәсілдері таныстырылды.

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық бюджеттің көлемі 609 млрд. теңгеге жеткен
17:54, 17 қаңтар 2018
Облыстық бюджеттің көлемі 609 млрд. теңгеге жеткен
Толығырақ...
Облыс әкімі мәжіліс депутаттарымен кездесті
20:04, 3 қаңтар 2018
Облыс әкімі мәжіліс депутаттарымен кездесті
Толығырақ...
Облыс әкімі ардагерлер мен көпбалалы отбасыларды арнайы құттықтады
20:37, 30 желтоқсан 2017
Облыс әкімі ардагерлер мен көпбалалы отбасыларды арнайы құтт...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
14:44, 13 тамыз 2018
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
14:49, 15 тамыз 2018
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ ТҮЗЕЙДІ
18:16, 14 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ...
Толығырақ...