ШҰҒЫЛ! Талантты режиссер туған жеріне келді Толығырақ

Облыста жаңа жобалар қолға алынбақ

16:11, 20 сәуір 2017

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев түстік өңірдің туризмін дамытуға үлес қосатын аудандардың жаңа жобаларымен танысты. Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту тұжырымдамасына қанықты. Отырар ауданындағы «Арыстан баб» кесенесінің және «Көне Отырар» қалашығының айналасын абаттандыруға қатысты жоспарларды бағамдады

Өңір басшысына алдымен, Түркістан қаласын тарихи қалашық ретінде қалыптастыру бойынша дайындалған тұжырымдама түсіндірілді. Тарихтан теберік боп қалған мекеннің қайта гүлденуі мен түрленуін Жансейіт Түймебаев мақұлдап отыр.

Жансейіт Түймебаев – Облыс әкімі

Жиында «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай, тарихи қаланы абаттандыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Туристік бағыттағы аудан-қалалардағы көшелер мен инфрақұрылымдық, сервистік қызметтердің сапасын жақсарту өзекті екені кеңінен айтылды.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Қазір бір ғана Шымкент қаласының өзінде екі жоба қолға алынбақ. Бірі – ескі қалашық аумағы болса, екіншісі - «Шымкент сити» паркінің құрылысы. Бұл бойынша аумақта орналасатын нысандардың жобасы таныстырылды.

Еркін Жүсіпов – Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

Айтып өту керек, қазір облыста қала құрылысы кеңесі құрылған. Ондағы мақсат – бірыңғай сәулеттік және қала құрылысы саясатын іске асыру.  Бүгінде бұл ұйым жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық бюджеттің көлемі 609 млрд. теңгеге жеткен
17:54, 17 қаңтар 2018
Облыстық бюджеттің көлемі 609 млрд. теңгеге жеткен
Толығырақ...
Облыс әкімі мәжіліс депутаттарымен кездесті
20:04, 3 қаңтар 2018
Облыс әкімі мәжіліс депутаттарымен кездесті
Толығырақ...
Облыс әкімі ардагерлер мен көпбалалы отбасыларды арнайы құттықтады
20:37, 30 желтоқсан 2017
Облыс әкімі ардагерлер мен көпбалалы отбасыларды арнайы құтт...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:15, 21 мамыр 2018
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
14:37, 21 мамыр 2018
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...