Өзбекстан мен Оңтүстіктің сауда байланысы нығаяды

Экономикасы дамып, алға ілгерілеген ел үшін сыртқы сауданың орны ерекше. Өндірген өніміңді сататын үлкен нарық ашылады. Сауда мақсаты - ұту. Сондықтан көршілес елдермен алыс-берісті жақсартқаннан ешбір ел ұтылмайды. Бүгін Шымкентте көршілес Өзбекстан кәсіпкерлерінің көрмесі ашылды. Онда Ташкент қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды

13:01, 12 мамыр 2017   329

Өзбекстан - ежелгі көршіміз. Туысқан елмен сауда байланысымыз бұрыннан бар. Оның ішінде Ташкент қаласының алар орны ерекше. Бүгін Ташкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Назим Хусанов бастаған топ сол алыс-берісті жаңғырту мақсатымен Шымкентке арнайы келді.

Жансейіт Түймебаев - Облыс әкімі

Біздің бұл байланысымызға үлкен серпіліс берген Өзбекстан Республикасының Президенті Мирзиеевтың Қазақстан республикасына сапары. Сондай-ақ, екі ел Президентінің өткен айдағы сәуірдің 29-нда ОҚО-дағы кездесуі. Осы кездесулердің барысында Президенттеріміз бізге тапсырма берген болатын. Қазір барлық кедергілер жойылды. Қазіргі кезде Қазақстан Өзбекстан арасындағы сауда экономикалық байланыстың көлемі 1,5 миллиард  доллардан асады. Оның 532 млн доллары ОҚО-мен байланысты.  

Өзбекстан астанасынан келген қонақтарға облыс әкімі сый көрсетті. Қазақы қонақжайлылық танытты. Өзбекстан экономикасының қуатты күші -  Ташкентте. Ірі зауыттар мен кәсіпорындар осы қалаға шоғырланған. Саланың 20 пайыз табысын көтереді. Шымкентке дейін 120 шақырым. Сондықтан екі ел арасындағы байырғы сауда-саттық байланысын одан әрмен жандандыруға мүмкіндік мол.

Жансейіт Түймебаев- Облыс әкімі

2 ел арасындағы ынтымақты нығайту және сыртқы сауданың экономикалық байланыстың көлемін 5 млрд долларға жеткізу айтылған болатын. Қазір бұл көрсеткіш 1,5 млрд доллар алайда бұл аз. 

Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған экспорттың басым бөлігі мұнай, астық өнімдері  мен қара және түсті металл, цемент, трансформатор, азық-түлік өнімдерін құрайды.  Біз көршілес елден жеміс, көкөніс, мақта талшығы, тоқыма өнімдері мен мата алады екенбіз.

Назим Хусанов - Ташкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Қазақстан бүгінде  сыртқы қатынаста біздің негізгі әріптесіміз болып табылады.ташкент қаласының сыртқы сауда байланысының 10 пайыздан астамы Қазақстанмен байланысты. Тек биылғы жылдың алғашқы тоқсанының қзінде бұл көрсеткіш еселеп өсуде. Сондықтан мұндай көрмелер екі ел арасындағы сыртқы сауданың дамуына айтарлықтай септігін тигіеді.

Көрмеге Өзбек елінің өндірушілері тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина құрастыру, металлургия, фармацевтика, жиһаз, киім, сувенирлер мен спорт тауарларын ұсынды.

Ташкент қаласының тауар өндірушілер көрмесіне көршілес елден 200-ден астам кәсіпкерлік нысандарының өкілдері келді. Олар өздері өндірген 1000-нан астам өнім түрлерін ұсынды. Көрмеге қойылған өнімдердің сапалы екені байқалады. Бағасын да қалтаға қонымды етіп келістіріп береміз ,-дейді тауар өндірушілер.

Облыс басшысы өзбек кәсіпкерлерін бірлескен кәсіпорын құруға шақырды. Бұл екі жаққа да тиімді. Өзбектер үшін кедендің одақ нарығына тура жол болса, біздің өңірге ауқымды инвестиция келеді. Жаңа жұмыс орындары ашылады.

НҰРМАХАН Кенжехан                                                 

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07