ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ӘКІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Бауырлас өзбек ұлтының өкілдері де Жолдауды қолдайды

13:45, 12 қаңтар 2018

Елбасы Жолдауындағы маңызды тапсырмаларды іске асыру үшін халыққа бірлік пен татулық керек. Қазақстанда ынтымақтың қамалы бұзылмай, достықтың туы биік болуына 600 мыңға жуық өзбек ұлтының өкілдері де өз септігін тигізіп отыр. Түстікте бұл халықтың 90 пайызы шоғырланған. Елбасының тікелей ықпалымен... өзбек драма театрын ашып, еңбекке кіріскен өнер майталмандары ... алдыңғы лекте... биылғы Жолдауды қолдап отыр..

Облыстық өзбек драма театры - Қазақ­стан­дағы өзбек қоғамдық бір­лес­тіктері «Дустлик» қауымдастығының жетекшісі Икрамжан Хашимжановтың басшылығында. Қазақ елінде өсіп-өнген азамат қастерлі топырағына тек жақсылық ойлайды. Қазақ-өзбек мәдени қарым-қатынасын нығайтуда, екі жақ аудиториясының білімін кеңейтуде мейлінше күш салып келеді. Кеше ғана жарияланған Елбасы жолдауы шығармашылық иесіне сілкініс беріп, өз қызметкерлерін биылғы мақсат-міндеттерді белсенді іске асыруға шақырды. 

Бүгінде мәдениет ошағында 18 шығармашылық қызметкер жұмыс істейді. Ал, актерлер шеберлігімен режиссер, қазақ театрының майталманы Қуандық Қасым айналысатын болады. Жаңа режиссер келгелі театр сахнасында қазақ драматургтерінің жаңа қойылымдары қойыла бастады.
Одан өзге, өзбек, қарақалпақ, орыс драматургтерінің шығармалары дайындықтан өтіп, көрерменге жол тартпақ.

Биыл театр 15 жылдық мерейтойын тойлайды. Шығармашылық ұжым қызу дайындық үстінде. Мерейлі салтанатқа арналған тосынсыйлар да  көп, - дейді. Ендеше, театр қызметкерлеріне тек сәттілік тілейміз!

АЙЗАТ Бауыржанқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

ШАРДАРАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
17:26, 27 ақпан 2018
ШАРДАРАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...
АҚПАРАТТЫҚ ТОП ОТЫРАРҒА АРНАЙЫ КЕЛДІ
16:52, 29 қаңтар 2018
АҚПАРАТТЫҚ ТОП ОТЫРАРҒА АРНАЙЫ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ
16:04, 13 шілде 2018
ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАД...
Толығырақ...
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
17:00, 10 шілде 2018
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
12:09, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРД...
Толығырақ...