ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!! Толығырақ

Жолдау жүктеген міндеттер жолында

18:04, 18 мамыр 2017

Облысымыз бойынша аудан әкімдерінің 4 айда атқарған жұмыстары жөнінде журналистермен брифинг жалғасуда. Онда мемлекет басшысының биылғы Жолдауында жүктелген тапсырмалар қай деңгейде іске асып жатыр? Сол мәселе саралануда. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков сұхбат құрды.

Елбасы жолдауы: Қазақстанның  үшінші жаһандық жаңғыруына бастайтын негізгі бағдарлама. Онда бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы жөнінде айтылады. Бүгінде Ордабасыда «Бөрте милка», «Ордабасы құс», «Ордабасы нан» кәсіпорындары осы талапқа жауап береді. Бұдан өзге қара және түсті металлургия өңдеуші «Карлскрона» және «Голд Албюминиум» секілді кәсіпорындар ашылып, жұмыс қарқынын күшейткен.

Алмасбек Мамытбеков - Ордабасы ауданының әкімі

Биылғы жылдың 4 айында инвестиция көлемі 1 млрд 350 миллион теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,2 пайызды құрады. 02,18 Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің көлемі 5 млрд 20 млн теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайызды құрап облыс бойынша Ордабасы ауданы 4-ші орында. 

Биылғы жолдауда Агросекторды экономиканың басты драйверіне айналдыру туралы тапсырма берілген болатын. Ол үшін жеке шаруашылықтарды біріктіру маңызды. Ауданда жыл басында кооперацияға бірігу бойынша 8 кооперетив құру жоспарланған. Тиімді жүргізілген үгіт-насихаттың арқасында бүгінгі таңда 13 кооператив құрылды. Жоспар 162 пайызға орындалды.

Алмасбек Мамытбеков - Ордабасы ауданының әкімі

Биылғы жылы 15 га жылыжай салыну жоспарланса, бүгінгі таңда 7,2 га жылыжай құрылысы жүргізідуде. Ағымдағы жылы жоспар толық 100 пайызға орындалады. Ағымдағы жылы тамшылатын суару жүйелерін 700 га ендіру жоспарланып, қазіргі таңда 624 га немесе 89 пайызға орындалып отыр. Жыл соңына дейін жоспар толық орындалады.

Салық түсімі бойынша да оңды өзгерістер бар. Сәуір айында жеке кәсіпкер Инаят Нурлаков Ордабасы аудандық кірістер басқармасына салық төлеуші ретінде тіркеліп, 1 млрд. 183 млн. теңге салық төлеген. Нәтижесінде 4 айлық жоспар 444 пайызға орындалған.

НҰРМАХАН Кенжехан               

Тақырып бойынша материалдар

ШАРДАРАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
17:26, 27 ақпан 2018
ШАРДАРАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...
АҚПАРАТТЫҚ ТОП ОТЫРАРҒА АРНАЙЫ КЕЛДІ
16:52, 29 қаңтар 2018
АҚПАРАТТЫҚ ТОП ОТЫРАРҒА АРНАЙЫ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
14:44, 13 тамыз 2018
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
14:49, 15 тамыз 2018
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ ТҮЗЕЙДІ
18:16, 14 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ...
Толығырақ...