Қандай жағдайда адвокаттар ақысыз қызмет көрсетуге міндеттеледі?

Қылмыстық іс жүргізуде қорғаушының құзіреті қандай? Жұмысы қай деңгейде? Тараптардың өзара құқықтық теңдігі сақталып жатыр ма? Адвокат көмегін кімдер тегін пайдалана алады? Бүгін осы және өзге де өзекті мәселелер Облыстық сот ғимаратында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде ортаға салынды.

17:39, 11 тамыз 2017   154

      Жиынды облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы Зиядинхан Пірнияз ашты. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Алқа төрағасы мәжіліс алдында барлық кемшіліктерді  ашық ортаға салуды  қатаң түрде ескертті.  Бұл  - қорғаушы қауым жұмысында олқылықтарды болдырмаудың қамы.  Адвокаттар қауымдастығы өкілдері азаматтық және әкімшілік сот істерін жүргізу бойынша бірнеше баяндама жасады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған  және кәмелет жасына толмаған балалар, 1,2 топтағы мүгедектер,  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің  Заңда белгіленген жағдайлар бойынша тегін адвокат қызметін пайдалануға мүмкіндігі бар.  Көрсетілген  қызмет үшін  мемлекет атынан  қорғаушыға төленетін еңбекақы құны  – Қазақстан Республикасындағы ең төменгі айлық мөлшерінің бірден жиырма бір (1/21)  бөлігі.  Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес биыл  жалақының ең төменгi мөлшерi  24 459 теңгені құрайды.

СЫМБАТ Ноғай

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07