ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Кәсіпкер құқығы тапталмауы керек!

19:24, 20 наурыз 2017

Облыстық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес болып өтті. Онда бизнес өкілдері, мемлекеттік орган және палата қызметкерлері бас қосып, жеке істі жүргізудегі атқарушы билік орындары тарапынан орын алған кедергілерді талқылады

Басқосуда бірнеше мәселе қаралды. Соның бірі - жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері мен бейжай позициясы салдарынан,  кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындар арасында орын алған даулар.  Мәселен,  Қызылжар ауылының тұрғындары жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкердің арнайы техникасын  межелі жеріне жібермеген.  Жолды жауып, бөгет жасаған.  Бұл барлау мен өндіру келісімшартында көзделген міндеттемелерді орындауға  кедергі келтіріп отыр.  Кәсіпкердің құқықтарын қорғау мақсатында  Кәсіпкерлер палатасы мен Прокуратура органдарына, жергілікті полиция қызметіне, әкімшілік полицияға Сарыағаш ауданының әкімдігіне хаттар жазылған.  Алайда, бұл проблема әлі күнге дейін шешімін таппаған.  Сондай-ақ, жиында  жер Кодексіне қатысты мәселелер де сөз болды.  Аталмыш Заңның 44-бабы 3 тармағымен белгіленген талаптар орындалып жатқан жоқ. Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында  интерактивті карта орналастырылған. Бірақ, ол  бас жоспардың функциясын атқара алмайды. «Демек, бұл ақпарат кәсіпкерлер үшін қолжетімсіз және жабық бола тұра,  жемқорлық фактілерін тудыратын жағдайларға әкеліп соғады деп санайды палата қызметкерлері.

Ғазизбек Натбаев  - Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

Негізі, заң бойынша, әр елдімекеннің бас жоспары мен жобалау жоспарлары ғаламтор беттерінде орналастыруы керек. Яғни, әрбір бизнесін бастаймын деген кәсіпкер немесе жерге байланысты нысаналы мақсатын өзгертемін деген кәсіпкер оны интернеттен көріп, біліп алатындай болуы керек. Өзінің алып жатқан жерінде ондай нәрсе соға алады ма, алмайды ма...Бұл ақпарат ашық түрде болуы керек.

АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

Дауды балама түрде реттеудің артықшылығы көп
17:01, 16 қазан 2017
Дауды балама түрде реттеудің артықшылығы көп
Толығырақ...
Енді сотқа үйде отырып та арыздануға болады
16:20, 16 қазан 2017
Енді сотқа үйде отырып та арыздануға болады
Толығырақ...
Ақ жаулықты ана баласын абақтыдан босатуын сұрайды
14:14, 7 қазан 2017
Ақ жаулықты ана баласын абақтыдан босатуын сұрайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...