ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

Ойын-сауық орталықтарына рейд жүргізілді

14:57, 14 қараша 2017

Қылмысты ауыздықтауда тек полицейлердің пәрмені жеткіліксіз. Осылай деген мақтаралдық ардагерлер мен белсенді жастар арнайы рейдке шықты. Ондағы мақсат – Елбасының «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасында көзделген міндеттерді іске асыру. Бірлескен рейдтен қандай нәтиже бар?

Арнайы топ полицейлермен бірге бұл рейдке 10 күн бойы шықты. Негізгі назар ойын-сауық орталықтары мен сауда-саттық орындарына ауды. Қоғам түйткілі  бүгінде - жасөспірімдер қылмысы. Сондықтан олардың түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз еркін қыдыруына тыйым салынды.

Алишер Есенбеков – Жетісай қаласы әкімінің орынбасары

Қаламыздағы мейрамханаларды, ойынханаларды және халық көп шоғырланатын саябақтарды жігіттер аралауда. Яғни, түнгі беймезгіл уақытта 9 дан кейін  дүкендерімізде алкогольдік заттар сатпау жөнінде, 11 ден кейін халықтың мынау мейрамханаларымыз бен тойханаларымызда халықтың тыныштығын сақтау мақсатында музыка қоймауға, оған қоса ата – аналарға балаларын  беймезгіл уақытта көшеге шығармау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл рейд азаматтардың құқықтық сауатын ашуға да мол септігін тигізді. Ойын-сауыққа жаны құмарлар... тұрғындардың қалыпты демалысына кедергі келтірсе, жеке тұлға ретінде 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтінін білді. Ал, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға... құрылымына қарай 10 айлық есептік көрсеткіштен жоғары айыппұл белгіленбек. 

Қасымхан Сатыбалдиев -  Мақтарал аудандық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының  орынбасары, полиция подполковнигі

Іс-шара барысында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар, яғни, қоғамда ұсақбұзушылық Әкімшілік Кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданып, онда 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, болмаса, әкімшілік айыппұл төленуде. Сонымен қатар, қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкендер, яғни 440 бас бойынша шара көріліп, оған айыппұл салынуда.

Айту керек, ауданда қазір белсенді азаматтардың күш салуымен тұрақты түрде қоғамдық Кеңес жұмыс істейді. Полицейлер тарапынан Қылмыстық құқық бұзу картасы әзірленуде. Енді ел ішіндегі «тентектерді» тезге салу үшін осындай рейдтік шараларды жиілету көзделіп отыр. Бұл – қоғам тыныштығын, отбасыдағы зорлық-зомбылықты болдырмаудың қамы.

АЙЗАТ Бауыржанқызы

Тақырып бойынша материалдар

28 ОРЫНДА ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН
17:14, 27 шілде 2018
28 ОРЫНДА ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖЕР ДАУЫ ПАЙДА БОЛДЫ
17:41, 13 шілде 2018
КӘСІПКЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖЕР ДАУЫ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
12:40, 18 қыркүйек 2018
«НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
Толығырақ...