ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан». жоба сауда орындарында насихатталуда

14:17, 17 шілде 2017

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»... Ана мен бала құқығын қорғап, шаңырақ шаттығын сақтауға септесетін бағдарлама насихатталуы жағынан қолжетімді болуы тиіс! Осылай деген ҚР Бас прокуратурасының өкілдері қанатқақты жобаны көпшілік нөпірі басылмайтын «Самал» базарында түсіндірді.

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық... Проблемаға  қоғам назарын жаппай аудартуға негіз бар.  Өйткені, былтыр Қазақстанда  500 отбасыда  ыдыс-аяқ сылдырлап, неке қатынасында келіспеушілік туған. Биылдың өзінде бұл көрсеткіш  2,8% - ға артып отыр. «Бұған басты себеп - жергілікті басқармалардың дұрыс жұмыс жүргізбеуі», - дейді бас прокуратура өкілдері.

Салтанат Тұрсынбекова – ҚР бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі

Барлық әкімдіктерде қаржыландыру мәселесі әртүрлі құрылымдарда. Егер нақты келіп, не істедіңдер деп, біз жұмыс қойған кезде, ешкім жауап бере алмайды. Неліктен? Өйткені, «қаржы жоқ», - деп айтады. Кадр жоқ деп айтады. Сол себепті, қазір бәрін бір басқармаға жинайтын болсақ, қаржыны, кадрды, осы мәселе алдына нақты міндет қоятын болсақ, ертең сұранысы да болады. Оның ертең тиімділігі де, нәтижесі де біз күткендегі нәтиже болады.

Арнайы топ бұған дейін  оңтүстіктің  салтқа берік  26 елдімекенінде  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Бұл  мәселеде  білікті маман тапшы екенін екшеді.  Тұрмыста қағажу көрген қыз-келіншектер де өмір шындығын айтуға келгенде  ынжық екенін байқады.  Қоғамның емделмей келе жатқан бітеу жарасы осында, - дейді мамандар.

Әлия Ізбасарова – Шымкент қалалық №3 емхананың психолог маманы

Таңертеңнен бері осы іс-шараға 5 азаматша келді, өздерінің шағымдарын айтып. Бұл жердегі басты мәселе - отбасы жанжалы, соның ішінде әйелінің күйеуіне шөп салуы немесе күйеуінің әйеліне шөп салуы мәселелері болды араларында. Және күйеуінің ішкілікке салынып кетуі деген мәселелер де болды. Бұл жөнінде біз психопрофилактикалық әңгіме жүргіздік. Кеңес берілді. Ары қарай бұл кісілермен емхана психологтары жұмыс жасайды.

Арызданып келген адам мемлекеттік органдардан қолдау таппаса, екінші рет жүгінуге беттемейді. Сондықтан да, бұл жоба шағымданып келген отбасылардың ісін созбалаңға салмай, 2-3 күнде шешуге тырысады. Проблемалар жеке өмірді ғана қамтымайды.

Арысбек Муталиев – Шымкент қаласының тұрғыны
Прокурорлар келіп отыр дегеннен кейін, мына ҚазТрансГаз-ден маған штраф келген үйге. Пломбаңыз бұзылған деп. 541.000 теңге штраф келіп отыр. Соны шешіп беруіне сұрап, осы жерге шағымданып отырмын. Қызмет көрсетіп жатыр, жақсы. Қуаныштымыз осындай қызмет көрсетіп жатқанына.

Айта кету керек, акция мұнымен шектелмейді. Алда қаланың басқа да сауда орындары мен адамдар көп шоғырланған нүктелерінде өткізу жоспарда бар. Ендеше, именбей келіп, проблемаңызды айтыңыз!

АЙЖАМАЛ Махашова

Тақырып бойынша материалдар

Прокурорлар кәсіпкер құқығын қорғайды
19:11, 12 қыркүйек 2017
Прокурорлар кәсіпкер құқығын қорғайды
Толығырақ...
Төлеби ауданында сот істерінің 40% татуласумен тынып жатыр
18:38, 12 қыркүйек 2017
Төлеби ауданында сот істерінің 40% татуласумен тынып жатыр
Толығырақ...
Полицейлер өз әйелін 3 рет пышақтаған азаматқа қатысты істі неге жауып тастады?
12:15, 9 қыркүйек 2017
Полицейлер өз әйелін 3 рет пышақтаған азаматқа қатысты істі...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Шымкентте салынатын құрылыс нысандарының жоспары таныстырылды
17:40, 14 қыркүйек 2017
Шымкентте салынатын құрылыс нысандарының жоспары таныстырылд...
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...