ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Шымкентте үшінші шатқал ашылды

16:40, 20 наурыз 2017

Гүлденсе өңір, гүлденеміз бәріміз. Көктем мерекесі қарсаңында облысымызда көріктендіру жұмыстары жанданды. Биылғы наурыз мейрамын бүкіл түркі әлемі бірлікпен қарсы алмақ. Ал, бүгінгі және алдағы уақытта ашылатын шатқалдарға түркі әлеміне белгілі шайырлар мен философтардың есімдері берілетін болады

Шымкентте қараусыз қалған шатқалдарға былтырдан бері ерекше көңіл бөліне бастады. Бұған дейін «Самал» және «Шымсая» шатқалдары ретке келтірілген. Ендігі кезек Нұрсәт пен Нұртас мөлтекаудандарын бөліп тұрған сай салаға да келіп жетті.

Абай Тұрханов – Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары

Бізде ойын алаңшалары, спорт алаңшалары,  амфитеатр, жарықтандыру велоспорт жолдары болады. Амфитеатр  100 орынға арналған орын. Онда ашық концерт болады. Балалар кружогі жұмыс істейді. 

Аталмыш нысандарды салу үшін  қала бюджетінен 500 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады.

Жансейіт Түймебаев - Облыс әкімі

Үшінші саябақ шатқалдардағы. Мына  жерге түсіп көрдіңіздер, тып- тыныш.Енді осы жерде 1,7 км барып қыдырып қайтар болсаңыз, 3,5 шақырым денсаулыққа пайдалы. Оның үстіне балалар ойнайтын жер. Футбол алаңдары болады. Кафелер болады. Әсіресе, жазғы уақытта демалысқа таптырмайтын жер.  

Шындап ниет етсеңіз, шөлді суға, суды нуға айналдыруға болады. Облыс басшысының бастамасымен жүзеге асқан жоба көпшіліктің көңілінен шықты. Ақсақалдар алғысын айтса, жастар ағаш егуге белсене кірісті.

Ұлыстың ұлы күні осындай игі шаралармен бастау алды. Нұрсаттағы әкімшілік іскерлік орталық маңындағы ашылған шатқалға түркі әлеміне белгілі шайыр Юнус Эмре есімі берілді. Ал, Шымкент маңындағы қараусыз жатқан 225 гектар жерге осындай 14 демалыс аймағы ашылатын болады.

НҰРМАХАН Кенжехан                                                     

Тақырып бойынша материалдар

2018 жылы облысымызда  320 әлеуметтік нысан салынады
19:07, 11 желтоқсан 2017
2018 жылы облысымызда 320 әлеуметтік нысан салынады
Толығырақ...
Шымкентте қоғамдық көлік қатынайтын жаңадан 12 бағыт ашылады
21:53, 13 қараша 2017
Шымкентте қоғамдық көлік қатынайтын жаңадан 12 бағыт ашылады...
Толығырақ...
«ONTUSTIK TOURISM. INVEST 2017» инвестициялық форумы өтеді
20:19, 13 қараша 2017
«ONTUSTIK TOURISM. INVEST 2017» инвестициялық форумы өтеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...