ШҰҒЫЛ! 7 адамды алдап, қолға түсті Толығырақ

Ардагерлер аймақ кәсіпорындарын аралады

19:46, 14 қараша 2017

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының 80-ге жуық ардагері мен зиялы қауым өкілдері өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарын аралап көрді. Ондағы мақсат – ардагерлерімізді облысымыздың экономикалық әлеуетімен таныстырып, алдағы жоспарлардан хабардар ету. Ардагерлер алдымен, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» ЖШС-інде болды. Отандық өндіріске тың серпін берген фабрика кілемдеріне тамсанды.

.  

Іргетасы 2012 жылы қаланған фабрика бүгінде Орта Азиядағы кілем өндіретін ең ірі өндіріс ошағы саналады. Бүгінде мұнда 235 адам жұмыспен қамтылған. Фабрика өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Францияға экспортталуда. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, биылдың өзінде зауытқа  шетелдік тапсырыс берушілер саны 20-дан асыпты. Жаңа жобаны жүзеге асырған кәсіпорынға ардагарлер оң бағасын берді.

Байдулла Қонысбеков – Қазақстанның Құрметті журналисі, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы

Қоғамның қазынасы,  ақылшысы – ардагерлер. Осыны ескеріп, бүгінгі шараны ұйымдастырып отырған өңір басшысына алғысымыз шексіз. Облысымыздың экономикалық ахуалы күн санап жақсарып келе жатқынын байқап, біліп отырмыз. Сонда да зауыттарды өз көзімізбен көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың куәсі болуымыз біз үшін үлкен қуаныш. Ендігі жерде біз ардагерлер жер-жерлерде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттап, халықты ынтымақ, бірлікке үндеуіміз керек»

Ардагерлер ат басын бұрған екінші нысан -  «Оңтүстік» индустриалды

аймағындағы «Еврокристалл» шыны зауыты болды. Мұнда жылына 300 млн. дана шыны құты шығарылады. Өндіріс ошағы әлемнің озық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Қазір 150-ге жуық  азамат жұмыс істейді. Атқарылған ауқымды шаруаларға көз жеткізген қариялар Елбасы мақаласын насихаттау бойынша пікір алмасты. Ардагерлерге аймағымызда  жүзеге асқан жобаларды облыс басшысының өзі баяндады.

Өңір экономикасы жыл санап өркендеп келеді. Ел демографиясына да облысымыздың сүбелі үлесі бар. Соңғы уақытта ұсақ шаруашылықтарды біріктіру, жылыжай, сүт өндірісі тың серпін алды. Атқарылған ауқымды істерге зиялы қауым өкілдері ризашылықтарын білдірді.

Бейнетінің зейнетін көріп отырған қариялар еліміздің өркендеуіне әлі де болса,  үлес қосып келе жатыр. Ауыл-аймақтарда ауызбірлік, ынтымақты насихаттаудан жалықпайтын буынға қатысты проблемадар да жоқ емес. Соған қарамастан тегін жұмыс істеуден тартынбайтын олар облыс аудан-қалаларында ардагерлер ұйымдарының баспанасы жоқтығын өңір башсысына жеткізді. Мәселені мұқият тыңдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл түйткілдің түйінін шешуге уәде етті.

КЕНЖЕХАН  Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...