Ауылына қарап, азаматын таны!

Ауыл ажары - азаматынан. Төлеби ауданына қарасты Кемеқалған ауылының бүгінде тұрмысы жайлы, әр үйінің қазаны майлы. Ел әлеуетін әлдендіруге ауылдан түлеп ұшқан перзенттер ат салысуда. Мұндағы мектеп, мешіт, мәдениет ошағы жеке кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековтің жеке қаражатына салынған. Азамат арқасында ауыл ішіндегі жол да тақтайдай тегіс. Елбасы айтқан «100 жаңа есім» жобасы аясында әзірленген бейнематериалға зер салсақ.

12:26, 21 сәуір 2017   423

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ортаңа, туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Елбасының  «Туған жерге туыңды тік» жобасын жүзеге асыруы заман талабынан туындаған ұсыныс дер едім»- дейді кәсіпкер азамат.  

Әсет Қайыпбеков - Облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер

 «Сити-Строй» ЖШС-і  зәулім үйлер мен әлеуметтік нысандар салумен айналысады. Іскерлік орталықтағы қыз-қыз қайнаған құрылыстың ортасында осы мердігер компанияның қолтаңбасы бар. Сәулеті мен сәні келіскен Түркістан сарайының құрылысын жүргізген де - Әсет Қайыпбеков басшылық ететін мекеме. Серіктестік бұдан алдын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде Теріскей мөлтекауданындағы балалар үйін күрделі жөндеуден өткізді. Аты аңызға айналған «Ақпан батыр» ескерткішін тұрғызды. «Тәуелсіздік саябағының» құрылысына да қолқабыс жасады. Кәсіпкер алтын бесік ауылынан сыртта жүрсе де, әлеуметтік мәселесін назардан тыс қалдырған емес.

Ұшқан ұя, туған топырағының қадір-қасиетін ұлықтаған осындай азаматтардың арқасында бүгінде ауыл ажарланып келеді. Әр қазаққа ата қоныс, ел қымбат деген осы...

ГҮЛЖАНАТ Ахметқызы

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07