ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Рухани бай елдің бірлігі біртұтас

18:28, 20 сәуір 2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Елбасы мақаласы Қазақстанның эволюциялық құндылықтарын дамытудың бірегей бағдаршамы деп айтуға толық негіз бар. Президенттің идеологиялық тұжырымдамасын түстіктегі түрлі этномәдени орталық өкілдері талқы таразысына салды. Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басу қажеттігін айтты

Ғылым-білім, зияткерлік өнім. Мінсіз қызмет, сапалы еңбек ресурстары. Бұл аталғандар  - болашақта  ұлттың табысты болуы үшін шешуші факторлар. Қоғам дамуында қара­пайымдылық пен үнем­шілдік те аса қажет. Сондықтан Президент мінез-құлықтың праг­матизмін қалыптастыруды жөн деп санайды.

Ербол Байқонақов - «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы

Оңтүстікте 20 этномәдени орталық бар. Олар еліміздегі қандай да бір саяси өзгеріс пен даму кезеңдерін бірге еңсеріп келе жатыр. Енді рухани жаңғыруға да үлесін қоспақ.

Абай Балажан – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы

 «Вайнах». Шешен-ингуш халқы Қазақстанға 1943-44 жылдары қоныс аударып келді. Кеңес Өкіметінің тұсында олар «Халыққа опасыздық жасады» деп айыпталды. «Халық жаулары» деп танылды. Сөйтіп, ортаазиялық республикаларға жер аударылды. Қысылтаяң заманда соңғы тілім нанымен бөліскен қазақтың кеңпейілдігін бұл топ  ең үлкен құрмет санайды. Енді біртұтас ел ретінде мемлекеттің рухани баюына үлес қоспақшы.

Хасан Бациев – «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы төрағасының орынбасары

Елбасының мақаласы бізге үлкен ой салды. Енді осыған дейін дамуыдың даңғыл жолына түсіп, бағытымызды айқындап келген елміз ғой. Ендігі міндет осы рухани саланы жаңғырту болмақ.

Саяси идеологиялық құжат - Қазақстанның ұлттық рухта экономикалық әрі технологиялық дамуды көздейтін прогрессивті жолы. Елбасының парасатты пайымы, көрегендік кемеңгерлігі келешектегі үкілі үмітімізге сенім арттырды.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                              

 

Тақырып бойынша материалдар

Ханқорған қалашығы аспан астындағы музейге айналмақ
16:14, 12 қазан 2017
Ханқорған қалашығы аспан астындағы музейге айналмақ
Толығырақ...
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: батыр баба рухына тағзым
11:47, 9 қазан 2017
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: батыр баба рухына тағзым...
Толығырақ...
Түркістандықтар Елбасы мақаласында көрсетілген тапсырмаларды орындауды ақылдасты
19:51, 23 қыркүйек 2017
Түркістандықтар Елбасы мақаласында көрсетілген тапсырмаларды...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...