Рухани жаңғыру кемел келешекке бастайды

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру». Мемлекет басшысы мазмұнды мақаласымен ұлтымыздың санжылдық даму бағытын айқындап берді. «Бұл - XXI ғасырдағы кемел болашаққа бастар жол. Қоғамға деген көзқарас, яғни, сана жүйелі түрде жаңаруы керек». Белгілі қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің экс депутаты Шалатай Мырзахметов осылай дейді.

14:04, 17 шілде 2017   153

Елбасының бағдарламалық мақаласын құнды идеологиялық құжат деуге болады. Бұл жарияланым қоғамдық сананы жаңғырту жоспарының іргетасы саналады. Тарихымызда бұрын соңды болмаған жалпыға бірдей мақсатты да айқындайды. Және оған жету үшін әрбір адам, әр мемлекеттік мекеме қоғам болып атсалысуы керектігін меңзейді. Сондықтан зиялы қауым, шығармашылық саланың өкілдері, ғалымдар, мемлекеттік орган өкілдері, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы керек. Осы тапсырманы мүлтіксіз орындау үшін бүгінде өңірлік комиссия жұмыс істеп жатыр. Топ қызметіне әр саланың тәжірибелі мамандары, сарапшылар жұмылдырылған.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                             

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07