Рухани жаңғыру санаға сілкініс беруі керек

Дамыған 30 елдің қатарынан ойып тұрып орын алу үшін өзіміз де дамуға бет алуымыз керек. Ол үшін санаға сілкініс қажет. Елбасының «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мақаласы ойымызға өзгеріс енгізуді меңзейді. Жаңғыру барлық салада болғаны абзал. Руханият пен тұрмысымызда да тек қана алға жылжуды ойлаған абзал. Арнайы ақпараттық топ «Су ресурстары маркетинг» мекемесінде өткізген кездесуде осы төңірегінде әңгіме өрбітті.

12:09, 19 мамыр 2017   123

Рухани жаңғыру мақаласын насихаттауға келген ақпараттық топта қалалық мәслихаттың депутаттары Ерлан Омаров пен Төреайым Сұлтанова бар. Ал, кездесуге бастамашы болған – «нұротандықтар». Алқалы жиында жаңғырған елдердің бүгінгі тіршілігі жөнінде баяндама жасалды.

Абидин Сакенов- «Нұр Отан» партиясы «Оңтүстік су» филиалы төрағасының бірінші орынбасары

65-84 жылдары осындай жаңғырту болған екен Малайзияда.  Сол кезде ВВП на душу населения сол 8 есеге дейін көбейген екен. 308 доллардан 2392 долларға дейін. 2016 жылы сол Малайзияда ВВП на душу населения  9360 доллар составлять етеді екен. Сына Сингапур елінде тоже 65-84 жылдары бұл жерде 516 доллардан 7342 долларға шейін.Қазіргі таңда 87800 доллар на душу населения. 

Жиында сөз алған «СУ РЕСУРСТАРЫ МАРКЕТИНГ» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Ормановтың айтуынша,  рухани жаңғыру - заман талабына берілген лайықты жауап. Елді өркендету, даму жолындағы теңдессіз мүмкіндік.

Мұрат Орманов - «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің бас директоры

Жақсы өмір сүру үшін заман талабына жауап беру керек. Біз қашанда өз кәсіпорынымызға инновациялар ендіріп отыруға мүдделіміз. Соңғы 10 жылда бізде көптеген жаңалықтар ендірілді. Нәтижесінде біздің мекеменің жұмысын коммуналды саладағы үздік деп бағалап отыр.

Сөйтіп, коммуналды саладағы көшбасшы мекеме өз жұмысының жаңғыруын мысал ете отырып, ел дамуына үлес қосуды жөн санайды. Күн санап, ұлғайып келе жатқан миллиондық қала Шымкентке тәулігіне 24 сағат сапалы қызмет көрсету өздерінің жауапкершілігінде екенін сезінеді. Ал, жауапкершілік бар жерде даму бар.

НҰРМАХАН Кенжехан                                              

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07