ШҰҒЫЛ! ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН ЖАН ҮЙСІЗ ЖҮР Толығырақ

Тарихқа негізделген тура шешім

17:12, 22 маусым 2017

«Шетелге шығар қақпамызға Елбасының атын беру – ерін бағалайтын ел үшін өте дұрыс, әрі тарихқа негізделген тура шешім». Бұл - қоғам тыныштығын күзетуге 40 жылын арнаған полиция ардагері Қасымхан Ақтаевтың пікірі.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев - бүгінгі бақытты да, бейбіт күніміздің себепкері,тәуелсіздікті алып берген, әлемге Қазақстанды танытқан бірден-бір тұлға.  Сондықтан,  халықаралық маңызы жоғары нысан көшбасшы  есімімен аталса, шетел қонақтары елімізді сарабдал саясаткеріміз арқылы таныса, нұр үстіне нұр, - дейді. Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында Елбасының есімін маңызды нысандарда көрсету ұсынылғн болатын.  Онда «Елдің тұтас мақсаты- Елбасы төңірегіне топтасып,  ең қымбат қазына - тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтау  және ұрпаққа аманаттап, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қастерлеу» делінген.  Парижде Шарль де Голлге, Нью-Йоркте Кеннедиге, Вашингтонда Рональд Рейганға, Джакартада Сукарно Хаттаға, ал, Стамбулда Ата түрік пен Ташкентте Ислам Кәрімовке әуежай аты берілген.  Бұл көшбасшылармен  деңгейлес Президентіміз де салалы еңбек етті.  Тәуелсіз елдің ширек ғасырлық тарихында  табан аудармай елімізді өркендетуге өлшеусіз күш салды. Бұл мәртебе – сол еңбектің өтеуі, - дейді ардагер құқыққорғаушы.

Қасымхан Ақтаев – Полиция ардагері

Бүкіл ел болып, ардагерлер болып барлығымыз қуанып жатырмыз. Себебі, дамыған елдердің тәжірибесіне, тіпті өзіміздің көршіміз Түркияға да қарасақ, белгілі тұлғалардың есімін қойып жатыр.

АЙЖАН Әшірхан          

Тақырып бойынша материалдар

ТӨЛЕБИЛІК ЖАСТАР ШЕТ ЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ІЗДЕДІ
17:40, 28 ақпан 2018
ТӨЛЕБИЛІК ЖАСТАР ШЕТ ЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ІЗДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗООБАҚҚА КІРУ ҚҰНЫНЫҢ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАҒАНЫН АЙТТЫ
16:14, 19 сәуір 2018
ЗООБАҚҚА КІРУ ҚҰНЫНЫҢ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАҒАНЫН АЙТТЫ
Толығырақ...
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ  ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18:02, 20 сәуір 2018
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
Толығырақ...