ШҰҒЫЛ! МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ. Толығырақ

Жаңа әліпби – тың бастамалар кепілі

16:29, 3 қараша 2017

«Қазақ тілінің төл дыбыс құрамы». Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүсіпбекпен кездесіп, осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғады. Басқосуда Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкеріне жастар... қазақ елінің латын әліпбиіне көшу бастамасы бойынша түрлі сауалдарын қойды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Дәл осы мақалада екшелген латын қарпіне көшу туралы идея түркістандық студенттерден қызу қолдау тауып отыр. Ресми түрде бекітілген жаңа алфавит көптің көңілінен шыққан. Әсіресе, іргелі оқу орны шәкірттерінің пікірі оң.

Латын әліпбиінің қабылдануы – істің бастауы ғана. Оны түбегейлі жүзеге асырып, қолданысқа енгізу жолында қыруар шаруа атқарылады, - дейді профессор. Сондықтан да жаңа бағытта, жаңа көзқараспен өмір сүріп, қоғамға латын әліпбиінің өміршеңдігін ұқтыру – жас мамандардың қолында.

Әліпби – тілдің дыбыс құрамы, таңба - дыбыстың қауызы. Ал, емле мен ереже әліпби мен таңбаның ұлттық дәнекері. Олай болса, әліпби таңбасы мен ережесі үйлескен жазу тіл дербестігінің кепілі болмақ. Жиында бас қосқандар осындай пайым жасады.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы            

Тақырып бойынша материалдар

ТӨЛЕБИЛІК ЖАСТАР ШЕТ ЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ІЗДЕДІ
17:40, 28 ақпан 2018
ТӨЛЕБИЛІК ЖАСТАР ШЕТ ЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ІЗДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...