Отырарда - Наурыз той!

«Нұр себеле, әз Наурыз!». Ұлыстың ұлы күніне орай киелі Отырар жерінде де ұлан асыр той болып өтті. Айтулы жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы қонақтар келіп, салтанат сәнін кіргізді. Қазақы дәстүр мен ұлттық салт сақталған мерекеде тұрғындар мәре-сәре күйге бөленді. Бұл күні жыл үздіктері анықталып, арнайы марапатқа қол жеткізді

19:22, 20 наурыз 2017   725

Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы. Ұлыстың ұлы күні  жыл жаңарудың басы ретінде тойланады. Қазақ халқы айтулы мерекені айрықша бағалайды. Өйткені, ақ түйенің қарны жарылған күні тек ізгі амалдар орындалады.

Бұл күні аудан тұрғындары орталық алаңға жиналып, қазақы дәстүр мен ұлттық құндылықтың зор үлгісін дәріптеуде. Әжелер наурыз көжесін ұсынып, жастар жағы ән мен жырдан маржан төкті. Күннің көзі де күлімдеп, отырарлықтарға жылы шуыған сыйлады.

Наурызға жиналған көпшілікке бұл күн ерекше әсер қалдырды.  Отырардың тарих тезіне шыдап берген шаһар екені қолөнер бұйымдардың көрмесінен-ақ айқын аңғарылды.

Осылайша, қыстан қысылмай шыққан отырарлықтар Ұлыстың ұлы күнін ерекше тойлады. Ендігі меже – түбі бір түркі жұртының Әз-Наурызын мейлінше жоғары деңгейде атап өтуге күш салу.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07